• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Сәуір, 2016

Астана мен Орал арасында «Тұлпар-Тальго» пойызы қатынайды

322 рет
көрсетілді

ОРАЛ. 29 сәуір. Астана мен Орал арасында қатынайтын және Ресей шекарасында кедендік тексерістен өтпейтін «Тұлпар-Тальго» жедел пойызы мамыр айының соңына дейін іске қосылады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Осы уақытқа дейін Ресей тарабынан транзиттік пойыздарға өзара кедендік тексерусіз өткізуге рұқсат берілмей келген. Алайда, 2015 жылдың қараша айында Қазақстан темір жолы Ресей үкіметіне өзара кедендік тексерісті тоқтату туралы ұсыныс түсіруінің арқасында Ресей келісім берген. Кейін Ресейдің көлік және коммуникация министрлігі осы жобаны іске асыру мақсатында, Қазақстан мен Ресейдің шекарасында орналасқан Илецк бекетінде кедендік тексеріссіз өтуіне жол ашты. Осы қаулы толығымен қабылданған соң, Астана-Орал жүрдек пойызы іске қосылатын болады. Темір Құсайын. Дерек, фото: egemen.kz.