• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Сәуір, 2016

Іскерлік – іргелі істер бастауы

394 рет
көрсетілді

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт бола­шағы. Бұл орайда, Өскемен қала­сы әкімдігінің «Орталық­тан­дырылған кітапханалар жүйесі» (ОКЖ) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері де бірқатар шараларды жүзеге асыруда. Солардың бірі, ОКЖ-ге қарас­ты №2 кітапхана-бөлім­шесі­­нің кітапханашылары «Тәр­бие­­шінің педагогикалық шебер­лігін арттыру жолдары» атты мамандар күнін өткізді. Шара­ға «Еркетай», «Ақбота» балабақ­­ша­лары­ның және қала­дағы №15 орта мек­теп­­тің жанын­дағы шағын ор­та­лық­­тың тәрбиеші­лері қатыс­ты. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дің «Педагогикалық бі­лім және менеджмент» кафед­ра­­сы­ның аға оқытушы-магистр­­лері Г.К.Қилыбаева мен Г.Қ.Ниғ­меджанова тәрбиеші маман­дар үшін дәріс оқып, тренинг өткізді. Баяндама барысында Елбасы­мыз Н.Ә.Назарбаев атап айтқан­дай, тәуелсіз еліміздің азамат­тарын қалыптастыруда тәрбие жұмыстарының ерекше маңызы бары баса айтылып, бұл орайда қолданылатын тиімді жаңа технологиялар жайында егжей-тегжейлі әңгіме қозғалды. Сонымен бірге, мұндай шаралар тәрбиешілердің өзара тәжірибе алмасу жұмыстарын одан әрі жандандыра түсетіні атап өтілді. Дәріс балабақша тәрбиешілерінің көңілінен шығып, олар болашақта осындай шаралар жүйелі түрде өтсе деген тілектерін жеткізді. Тәуелсіз елдің тамыры мықты болсын десек, ұрпақ тәрбие­лей­тін мамандардың білікті де білім­ді болуы шарт. Бұл орайда, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дің «Педагогикалық білім және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі Наталья Радченко, басқа да кафедра оқытушылары өз іс-тәжірибелерін балабақша тәрбиешілерімен бөлісуге алдағы уақытта да ниетті. Ал жалпы, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткен бұл тренинг-дәріс балабақша мен шағын орталықтардың тәр­биешілеріне бергені көп маңыз­ды шаралардың бірі болды.  Ләззат ҚАЙДАРОВА, Өскемен қаласы әкімдігінің «ОКЖ» КММ кітапханашысы