• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
30 Сәуір, 2016

«Қазақстан» телеарнасы боксшы Қанат Исламның жекпе-жегін көрсетеді

276 рет
көрсетілді

АСТАНА. 30 сәуір. «Қазақстан» ұлттық арнасы Қанат Исламның кәсіпқой бокстағы 21 жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді. Бұл туралы «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұл жолы Қанат Ислам колумбиялық былғары қолғап шебері Хуан Де Анхельмен кездеседі. Жекпе-жек 9 мамыр күні АҚШ-тың Флорида штатындағы Лейкленд қаласында өтеді. Отандастарымыз кездесуді тікелей эфирде Астана уақытымен таңғы 07:00-де көре алады. Қанат Ислам 2012 жылы кәсіпқой боксқа ауысқаннан кейін 20 жекпе-жек өткізіп, соның  барлығында жеңіске жеткен. Оның ішінде 17 кездесуде қарсыластарын нокаутқа жіберген. Хуан Де Анхель 2008 жылдан бері кәсіпқой бокста. Ол шаршы алаңда 22 рет айқасып, 18 рет жеңген. Қалған төрт кездесудің  үшеуінде Де Анхельдің қарсыластары басым түссе, бір кездесуде ол тең есеппен аяқталған. Бұл оның кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі болатын. Қанат 4 жылдан бері Америка Құрама Штаттарында жаттығып жүр. Оның жаттықтырушысы – америкалық маман Нельсон Лопес. Дастан Кенжалин. Дерек: «Қазақстан» РТРК