• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
03 Мамыр, 2016

Тараз қаласында І облыстық волонтерлар форумы өтті

439 рет
көрсетілді

ТАРАЗ. 3 мамыр. Тараз мемлекеттік университетінің М.Үркімбаев атындағы «Жастар сарайында» І облыстық волонтерлар форумы өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жамбыл облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырған форумның мақсаты – Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңын», «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының екінші кезеңін жүзеге асыру, «ЭКСПО-2017» халықаралық арнайыландырылған көрмені қолдау және білімін шыңдау, облыс жастарының басын біріктіру, патриоттық сезімін ояту, адамгершілік қасиеттерін нығайту, қоғамдық жұмыстарға тарту болды. Өңірде мемлекетік жастар саясатын жүзеге асыруда волонтерлар өз үлесін қосып келеді. Бүгінгі таңда облысымызда 2 мыңға жуық волонтерлар жұмыс жасайды. Басқарма жанындағы облыстық «Жастар ресурстық орталығы» жанынан құрылған «Волонтерлар мектебінің» белсенділері қоғам жұмыстарына атсалысып, қоғамдық орындарды тазалауға, әлеуметтік акциялар барысында плакаттар мен кітапшаларды таратуға өз еріктерімен қатысып, қарттар үйі мен балалар үйінде түрлі шаралар ұйымдастыруға өз үлестерін қосып, ұйымдастырылып жатқан әрбір шараға белсене қатысуда. Сонымен қатар, басқарма жанынан құрылған «Еріктілер клубында» 150-ден аса белсенді студент жастар жұмыс істеуде. Бұл өз кезегінде мерейлі мерейтойлардың аясында ұйымдастырылып жатқан шараларға және «ЭКСПО-2017» көрмесінің ұйымдастырылуына ықпал етіп, әрбір шараға жастардың белсенді қатысуына мүмкіндік туғызуда. Форум барысында «Волонтерлар мектебі» мүшелерімен секциялық жұмыстар жүргізіліп, облысымызға танымал эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін І облыстық волонтерлар форумының гала-концертіне ұласты. Сондай-ақ, шара соңында қоғамдық жұмыстарына белсене қатысып, өңірімізде волонтерлық жұмыстың ерекше үлгісін танытқан волонтерлар облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының арнайы «Алғыс хаттарымен»және шара қатысушыларына арнайы сертификаттар тапсырылды. Оралхан Дәуіт. Дерек, фото: egemen.kz