• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Мамыр, 2016

«KEGOC» АҚ-тың ақпараттық хабарламасы

296 рет
көрсетілді

Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде «KEGOC» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтті. Жиналыста «KEGOC» АҚ 2015 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған бір жылғы жылдық қаржылық есептемесі қаралып, бекітілді. «KEGOC» АҚ өткен жыл қоры­тындысы бойынша бекі­тілген шоғырландырылған қаржылық есептемесіне сәйкес түсім 110,1 млрд. теңгені құрып, 2014 жылмен салыстырғанда 17,8 %-ға артты. «KEGOC» АҚ жұмыс іс­теп тұрған жоғары вольттық желілерді жаңғырту, жаңа­ларын салу және еліміздің энер­­­гетикалық тәуел­­сіздігін қам­тамасыз ету, ұлт­тық электр то­рабын дамытуға ба­ғыт­тал­ған бірқатар ірі инвести­циялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізу үшін қарыз қаражаттарын тартты. Кре­ди­торлар Халықаралық Қайта құру және Даму банкі мен Еу­ропа Қайта құру және Даму банкі сияқты әлемдік қаржы институттары болып табылады. 31.12.2015 ж. қарыз қара­жаттары бойынша берешек 503,6 млн. АҚШ долларына бара-бар (2014 ж.: 590,1 млн. АҚШ доллары). 2015 жылдың екінші жартысында Қазақстан Республикасы Үкіметі қабылдаған шетел валюталарына қатысты теңгенің еркін айналымдағы бағамын енгізуді білдіретін, ақшалай-кредит сая­сатын өзгерту туралы шеші­мі 35,7 млрд. теңге сомасында ба­ғамдық айырмашылық бо­йынша (ақшалай емес си­паттағы) шығын есептеуге әкел­ген болатын. «KEGOC» АҚ ва­люта бағамының өсуінен бол­ған теріс әсерді жеңілдету үшін операциялық шығындар мен күрделі қаржы салымдарын оңтайландырды. Бұл 2015 жыл қорытындысы бойынша таза залалдың 7,8 млрд. теңгеден ас­пауына мүмкіндік берді. Атал­ған шаралар, сонымен қатар, Қа­зақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріндегі депозиттік шоттарда шетелдік ва­люталардағы ақшалай қара­жаттардың шоғырлануы қар­жылық тұрақтылық пен өтім­ділік­тің жеткілікті деңгейін сақ­тап қалды және барлық кре­дит­­тік ке­лісімдер бойынша мін­­дет­теме­лер­дің орындалуын қамтамасыз етті. «KEGOC» АҚ дивиденд сая­саты туралы ережеге сәйкес дивидендтерді төлеу көздері бұл таза табыс болып табылады, сәйкесінше 2015 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша шығынның болуына байланысты Акционерлердің жалпы жиналысы 2015 жылға ди­видендтер төлемеу туралы шешім қабылдады. Жоғарыда көрсетілген факторлар «KEGOC» АҚ Қазақ­стан Рес­публикасының біртұтас элек­тр энергетикалық жүйесінің се­нім­ді жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін орындауына әсерін тигізбеді. «KEGOC» АҚ жұртшылық тарапынан да, ықтимал инвес­торлар тарапынан да лайықты бедел мен сенімге ие. Қазіргі уақытта «KEGOC» АҚ акциялары – Қазақстан қор нарығындағы ең өтімді құралдардың бірі. «KEGOC» АҚ дивиденд сая­саты дивидендтерді тек өткен жылдың қорытындылары бойынша емес, сонымен қатар, жарты жыл қорытындылары бойынша да төлеуге мүмкіндік береді. Болашақта «KEGOC» АҚ дивиденд саясатын ұстануды және 2016 жылғы 1-жарты жылдық қо­ры­тындысы бойынша жақ­сы нәтижеге қол жеткізген жағ­дайда Акционерлердің жалпы жиналысында жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу ту­ралы мәселені көтеруді жоспарлап отыр. Ағымдағы кезеңде бір жай акцияның орташа алғандағы ба­ғасы 870 теңгені құрайды. «KEGOC» АҚ Акционер­лерінің жылдық жалпы жи­на­­лысының барлық материалдары «KEGOC» АҚ www.kegoc.kz корпоративтік веб-сайтындағы «Инвесторларға жә­не акционерлерге» бөлімінде орналастырылған. Анықтама ретінде: 2014 жыл­­­ғы 18 желтоқсанда «Халық IPO» бағдарламасы шеңберін­де «KEGOC» АҚ жазылым жүргізу жолымен Қазақстан қор биржасында алғаш рет 25 999 999 дана жай акцияларын орналас­тырды. Бір жай акцияның орналастыру бағасы 505 теңге.  Қазіргі уақытта «KEGOC» АҚ орналастырылған жай акция­лары­ның жалпы көлемі 260 000 000 (екі жүз алпыс миллион) да­на. Олардың ішінде, 90% плюс 1 ак­ция «Самұрық-Қазына» АҚ-қа тиесілі, қалған 10% минус бір акция «Халық IPO» бағдарлама­сы шеңберінде миноритарлық акцио­нерлерге сатылды.