• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
27 Сәуір, 2016

«Шығыс» кеншілері балалар үйінің ауласына 70 түп ағаш екті.

332 рет
көрсетілді

ЕКІБАСТҰЗ. 27 сәуір. Еуразиялық Топ (ERG) құрамына кіретін, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» акционерлік қоғамы «Шығыс» кенішінің ардагерлері ата-ананың қарауынсыз қалған балалармен бірге 50 қарағай мен 30 қайың отырғызды. Бұл жайында кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қаладағы «Үміт» балалар үйінің аумағына ағаштар отырғызуды «Шығыс» кенішінің ардагері Е. Боровиков ұсынды. Кәсіпорынның ардагерлер ұйымы мен кәсіподақ комитеті бұл ұсынысты қолдайды. Бұл жақсы үрдіс, дәстүр. Балалар үйінің тәрбиеленушілер енді ағаштарды суарып, күтіп баптайды. «Енді біздің үйіміздің ауласы бұдан да әдемі әрі жайлы болады», – дейді баларлар үйінің тәрбиеленушісі Сабина Леконцева. Кеншілер балалар үйінің ауласына 6 орындық және қоқыс салатын жәшіктер орнатты. «Шығыс» кеніші 15 жыл бойы «Үміт» балалар үйінің қамқоршысы, демеушісі. Олар әрдайым балаларды қолдайды. Балалармен бірлесіп іс-шаралар өткізеді, қайрымдылық акциясын ұйымдастырады, ал ең бастысы балалар үшін ең сенімді достар. Фарида Бықай. Дерек, фото: egemen.kz.