• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2011

Қазақстан Республикасының Заңы №395

449 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бiлiм беру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң­на­малық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Рес­пуб­ликасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қа­зақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жар­шысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат): 93-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Акционерлiк қоғам шаруашылық серiктестiгi, өндiрiстiк кооператив немесе «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі ту­ралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес білім беру ұйымы болып қайта құрылуға құқылы.». 2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Рес­пуб­ликасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республи­касы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат): 1) мазмұны мынадай мазмұндағы екі жүз екінші абзацпен толықтырылсын: «156-1-бап. Дербес білім беру ұйымдарын дамыту үшін құрылтайшының нысаналы салымын салу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестицияларды жоспарлау»; 2) 3-баптың 1-тармағының 16) тармақшасы «ұлғайту,» деген сөзден кейiн «дербес бiлiм беру ұйымдарын да­мы­ту үшiн құрылтайшының нысаналы салымын салу,» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 41-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, дербес білім беру ұйымдарына және олар­дың ұйымдарына мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық тұрақты­лығын қамтамасыз етуге бағытталған жекелеген мемлекеттiк қызметтер көрсетуіне, бюджеттiк инвес­ти­ция­лық жобаларды iске асыруына және басқа да мiндет­тердi орындауына ар­налған, Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Үкiметi айқындайтын тапсырыс мемлекеттiк тап­сырма болып табылады.»; 4) 151-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «қа­тысуы арқылы жүзеге асырылады.» деген сөздер «қа­тысуы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұн­дағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) дербес бiлiм беру ұйымдарын дамыту үшiн құ­рыл­тайшының нысаналы салымын салу арқылы жүзеге асырылады.»; 5) 30-тарау мынадай мазмұндағы 156-1-баппен то­лық­ты­рылсын: «156-1-бап. Дербес бiлiм беру ұйымдарын дамыту үшiн  құрылтайшының нысаналы салымын салу  ар­қылы жү­зеге асырылатын бюджеттiк  инвестиция­ларды жоспарлау 1. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес бiлiм беру ұйымдарын дамыту үшiн құрылтайшының нысаналы салымын салу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау осы Кодекстiң 152-бабына сәйкес жүзеге асырылады. 2. Дербес бiлiм беру ұйымдарын дамыту үшiн құ­рылтайшының нысаналы салымын салу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестициялар бюджеттiк бағ­дарламалардың тиiстi әкiмшiлерi арқылы жүргiзiледi. 3. Осы баптың 4-тармағын қоспағанда, дербес бiлiм беру ұйымдарын дамыту үшiн құрылтайшының ны­са­на­лы салымын салу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестицияларды iске асыру осы Кодекстiң 157-бабына сәйкес жүзеге асырылады. 4. Дербес білім беру ұйымдарын дамыту үшін құрыл­тай­шының нысаналы салымын салу тек қана дербес білім беру ұйымдарының және олардың ұйымдарының қызметін қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммер­ция­лық емес ұйымға жарна арқылы жүзеге асырылуы мүм­кін. Дербес білім беру ұйымдарын дамыту үшін құрыл­тай­шының нысаналы салымын аталған қорға жарна арқылы салу жолымен жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау және іске асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.». 3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюд­жетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер ту­ра­лы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық ко­дексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршы­сы, 2008 ж., № 22-I, № 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2010 жылғы 27 қа­рашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қор­ғауды қам­тамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қа­зақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 4 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұны мынадай мазмұндағы бір жүз алпыс бесінші абзацпен толықтырылсын: «135-1-бап. Дербес білім беру ұйымдарына салық салу»; 2) 35-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы «135,» деген цифрлардан кейін «135-1,» деген цифрлармен то­лық­тырылсын; 3) 133-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «шығыстарды азайтуға құқығы бар.» деген сөздер «шы­ғыс­тарды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай маз­мұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында ай­қын­далған дербес бiлiм беру ұйымдарына өтеусiз не­гiз­де берiлген мүлiктiң құнын азайтуға құқығы бар.»; 4) 12-тарау мынадай мазмұндағы 135-1-баппен толық­ты­рылсын: «135-1-бап. Дербес бiлiм беру ұйымдарына салық салу 1. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн: 1) осы тармақтың 2)-4) тармақшаларында айқын­далған дербес бiлiм беру ұйымдарын қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң – Елбасының бастамасы бойынша құрыл­ған, жоғары басқару органы Жоғары қамқоршылық кеңес болып табылатын коммерциялық емес ұйым; 2) бір мезгілде мынадай талаптарды сақтаған кезде: Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған; жоғары басқару органы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған Жоғары қамқоршылық ке­ңес болып табылатын; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мы­надай деңгейлер: бастауыш, негізгі және жоғары мектеп; орта білімнен кейінгі білім беру; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру; қосымша білім беру бойынша білім беру қызметінің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыратын ком­мер­ция­лық емес білім беру ұйымы; 3) бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн: Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған акционерлiк қоғам болып табылатын; осындай қоғамның дауыс беретін акцияларының 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) тармақ­ша­сында аталған тұлғаға тиесiлi болатын; Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қызметтi жүзеге асы­ратын Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг; 4) осы тармақтың 3) тармақшасында аталған ұйымды қоспағанда, егер бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн: осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерiнiң) 50 және одан да көп пайызы осы тар­мақтың 2) және 3) тармақшаларында аталған тұл­ғаларға тиесiлi болатын не осы тармақтың 2) тармақ­шасында аталған тұлғалар ғана құрған коммерциялық емес ұйым болып табылатын; осындай ұйымның өтеусiз алынған мүлiк және депозиттер бойынша сыйақылары түрiндегi табыстарын ес­ке­ре отырып, жылдық жиынтық табысында алған табыс­тарының кемiнде 90 пайызын мынадай қызметтің бір немесе бірнеше түрін: медициналық қызметтер көрсетудi (косметологиялық, санаторий-курорттық қызметтердi қоспағанда); Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген білім беру қызметінің мынадай деңгейлері: бастауыш, негізгі және жоғары мектеп; орта білімнен кейінгі білім беру; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру; қосымша білім беру бойынша қызметтер көрсетуді; ғылым саласындағы қызметтi, атап айтқанда: iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердi қоса алғанда, ғы­лы­ми-техникалық, инновациялық, ғылыми-зерттеу қызметiн; осы тармақшада көрсетiлген қызмет түрлерi бойынша консультациялық қызметтер көрсетудi жүзеге асырудан алынған табыс құрайтын ұйым дербес бiлiм беру ұйымы деп танылады. Осы тармақшаның мақсаттары үшін осы тармақшада көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған және жұмсалған құрылтайшының түсімдері де жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар деп танылады; 5) осы тармақтың 3) тармақшасында аталған ұйымды қоспағанда, егер бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн: осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының (қа­ты­су үлестерiнiң) 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында аталған тұлға­лар­ға тиесiлi болатын не тек қана осы тармақтың 2) тар­мақшасында аталған тұлғалар құрған коммерциялық емес ұйым болып табылатын ұйым дербес бiлiм беру ұйы­мы деп танылады; осындай ұйымның есепті салық кезеңіндегі табысы ғылым саласындағы мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асырған жағдайда салық салудан босатылады: ғылыми-техникалық; инновациялық; іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоса ал­ғанда, ғылыми-зерттеу. Жүзеге асырылатын қызмет түрлерін осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген ғылым саласындағы қыз­мет түрлеріне жатқызу ғылым саласындағы мемлекеттік уәкілетті органның қорытындысымен расталады. Ұйымдар мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бір­нешеуін: медициналық қызметтер көрсетудi (косметологиялық, санаторий-курорттық қызметтердi қоспағанда); Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген білім беру қызметінің мынадай деңгейлері: бастауыш, негізгі және жоғары мектеп; орта білімнен кейінгі білім беру; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру; қосымша білім беру бойынша қызметтер көрсетуді; аталған қызмет түрлері бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді жүзеге асырса, оларға осы тармақша қолданылмайды. 2. Дербес бiлiм беру ұйымы бюджетке төленуге жа­та­тын корпоративтiк табыс салығының сомасын анықтаған кезде осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген кор­по­ративтiк табыс салығының сомасы 100 пайызға азай­тылады. Осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақ­ша­ла­рында аталған дербес бiлiм беру ұйымының алған таза табысы немесе мүлкi қатысушылар арасында бөлінген салық кезеңдерi бойынша осы тармақтың ережесi қол­данылмайды.»; 5) 141-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «салық төлеушiлер корпоративтiк табыс салығы бойын­ша аванстық төлемдердi есептемейдi және төлемейдi, оның iшiнде алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы жөнiндегi декларацияны тапсырғанға де­йiнгi және кейiнгi кезеңдерi үшiн төленуге жататын кор­поративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етпейдi.» деген сөздер «салық төлеушiлер;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: «5) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағының та­лап­тарына сай келетiн салық төлеушiлер корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есепте­мей­дi және төлемейдi, оның iшiнде алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы жөнiндегi деклара­цияны тапсырғанға дейiнгi және кейiнгi кезеңдерi үшiн төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етпейдi.»; 6) 156-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 41) тар­мақшамен толықтырылсын: «41) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында аталған дербес бiлiм беру ұйымының резидент шетелдiк тұлғаға қатысты осындай ұйымның жұмыстарын орын­дау, оған қызметтер көрсету бойынша оның Қазақстан Республи­касындағы қызметiне байланысты iс жүзiнде мынадай: тұруға; медициналық сақтандыруға; Қазақстан Республикасынан тыс жердегi тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасында осындай қызметтi жү­зеге асыратын жерiне дейiн және қайтар жолында әуе көлiгiмен ұшуға жұмсаған шығыстары түрiндегi мате­риалдық пайда.»; 7) 193-баптың 5-тармағының 14) тармақшасындағы «төлемдер салық салуға жатпайды.» деген сөздер «тө­лемдер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай маз­мұн­дағы 15) тармақшамен толықтырылсын: «15) мынадай: осы Кодекстiң 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында аталған дербес бiлiм беру ұйым­дарына; осы Кодекстiң 135-1-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған қызмет түрлерi бойын­ша осы Кодекстiң 135-1-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында аталған дербес бiлiм беру ұйымда­рына жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден түс­кен табыстар салық салуға жатпайды.»; 8) 198-бапта: 1-тармақ «Егер осы Кодекстiң» деген сөзден кейiн «осы бабында және» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығын анықтаған кезде, егер осындай резидент емес заң­ды тұлғаның жылдық жиынтық табысында алған табыстарының кемiнде 90 пайызын мынадай: 1) осы Кодекстiң 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында аталған дербес бiлiм беру ұйым­да­рына жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден; 2) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында айқындалған қызмет түрлерi бойынша осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында аталған дербес бiлiм беру ұйым­да­рына жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алған табыстар құраса, осы Кодекстiң 139 және 199-баптарына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс са­лығының сомасын 100 пайызға азайтады.»; 9) 201-баптың 8-тармағының 13) тармақшасындағы «төлемдер салық салуға жатпайды.» деген сөздер «тө­лем­дер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай маз­мұн­дағы 14) тармақшамен толықтырылсын: «14) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармақшасында аталған дербес бiлiм беру ұйымының резидент емес жеке тұлғаға қатысты осындай ұйымның жұмыстарын орындау, оған қызметтер көрсету бойынша оның Қазақ­стан Рес­пуб­ликасындағы қызметiне байланысты iс жүзiнде мынадай: тұруға; медициналық сақтандыруға; Қазақстан Республикасынан тыс жердегi тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасында осындай қызметтi жүзеге асыратын жерiне дейiн және қайтар жолында әуе көлiгiмен ұшуға жұмсаған шығыстары түрiндегi мате­риалдық пайда салық салуға жатпайды.»; 10) 241-баптың 6-тармағының 2) тармақшасындағы «жүргізілсе, осы баптың ережелері қолданылмайды.» деген сөздер «жүргізілсе;» деген сөзбен ауыстырылып, мы­на­дай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: «3) жұмыстар мен қызметтер: осы Кодекстiң 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақ­шаларында аталған дербес бiлiм беру ұйым­дарына; осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған қызмет түрлерi бо­йынша осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында аталған дербес бiлiм беру ұйымдарына көрсетiлген жұмыстар, қызметтер болып табылса, осы баптың ережелерi қолданылмайды.»; 11) 274-бапта: 2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетiлген, қосылған құн салығы жө­нiндегi декларацияны табыс ету күнi салық есептi­лiгiн табыс ету бойынша орындалмаған салық мiндет­темелерi жоқ, осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тарма­ғын­да айқындалған дербес бiлiм беру ұйымдарының қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қай­тарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар;»; 3-тармақтың 1) тармақшасындағы «1) тармақ­ша­сын­да» деген сөздер «1) және 1-1) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын; 12) 357-баптың 3-тармағындағы «34) тармақша­ла­рында» деген сөздер «34), 41) тармақшаларында және 201-бабы 8-тармағының 14) тармақшасында» деген сөз­дермен ауыстырылсын; 13) 387-баптың 3-тармағы «3-тармағында» деген сөз­дерден кейiн «және 135-1-бабының 1-тармағында» деген сөздермен толықтырылсын; 14) 398-бапта: 1-тармақтағы «3-тармақтарында» деген сөздер «3, 3-1-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында ай­қын­далған заңды тұлғалар мүлiк салығын салық база­сына 0 пайыздық ставка бойынша есептейдi.». 4. 2009 жылғы 18 қыркүйектегi «Халық ден­саулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қа­зақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат): 1) 1-баптың 1-тармағында: 42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «42) Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құ­рылған, денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде ядролық медицина саласындағы қызметтi жүзеге асы­ратын акционерлiк қоғам;»; мынадай мазмұндағы 122) тармақшамен толықтырылсын: «122) ядролық медицина – онкологиялық ауруларды қоса алғанда, адам ағзасы мен жүйесiнiң әртүрлi ау­ру­ларының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу мақсатында радиоактивтi элементтер мен ион­дан­дырушы сәулелену қолданылатын медицина саласы.»; 2) 6-бап мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен то­лықтырылсын: «27-1) Қазақстан Республикасында ядролық меди­цинаны дамыту тұжырымдамасын бекiтедi;»; 3) 170-бапта: 5-тармақ «қатысатын денсаулық сақтау ұйым­да­рын­да» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйым­дарында» деген сөздермен толықтырылсын; 6-тармақ «қатысатын денсаулық сақтау ұйымда­рын­да» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында» деген сөздермен толықтырылсын; 7-тармақ «қатысатын денсаулық сақтау ұйымда­рын­да» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында» деген сөздермен толықтырылсын; 4) 172-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы «қа­ты­сатын денсаулық сақтау ұйымдарында» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ Денсаулық саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында» деген сөз­дер­мен толықтырылсын; 5) 176-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толық­ты­рылсын: «6. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ «Назарбаев Университетінде» немесе оның медициналық ұйымда­рын­да медициналық қызметпен айналысу құқығын беретін немесе кәсiптік медициналық қызметтi жүзеге асы­руға шақырылған мамандардың шетелде алған бi­лiк­тiлiк санатын куәландыратын құжат Қазақстан Республи­ка­сы­ның аумағында қолданылатын санат берілмей-ақ маман сертификатына теңестіріледі.». 5. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жыл­ғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жар­шысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., №13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат): 1) 16-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi талаптар: 1) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар ры­ногы туралы заңнамасына сәйкес құрылған қор бир­жа­ларының қайта құрылу; 2) коммерциялық акционерлік қоғамдардың «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жә­не «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Рес­публикасының Заңына сәйкес дербес білім беру ұйым­дары болып қайта құрылуы жағдайларына қол­данылмайды.»; 2) 17-баптың 2-тармағындағы «Нотариалдық» деген сөз «Дербес білім беру ұйымдары, нотариаттық» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 19-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Дербес білім беру ұйымының ұйымдық-құқықтық ны­санындағы коммерциялық емес ұйым «Назарбаев Уни­верситеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайда акционерлік қоғам болып қайта құрылуы нәтижесінде құ­рылуы мүмкін.»; 4) 23-баптың 3-тармағы «мекеменi» деген сөзден кейiн «, дербес бiлiм беру ұйымын» деген сөздермен то­лық­тырылсын; 5) 39-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толық­тырылсын: «5. Осы баптың 1-3-тармақтарының ережелерi дербес бiлiм беру ұйымдарына қолданылмайды.». 6. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жыл­ғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жар­шысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат): 11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Iшкi еңбек рыногын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға жыл сайын квота белгiлейдi. Осы Заңның шетелдiк жұмыс күшiн квоталау және оны тартуға рұқсат беру туралы нормалары: Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығында бас­шылар және мамандар лауазымдарында жұмыс iстейтiн, Қа­зақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен рас­тал­ған құжаттары бар орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмдi; дербес бiлiм беру ұйымдарында, олардың ұйым­да­рын­да, сондай-ақ «Назарбаев Қорында» басшылар және ма­мандар лауазымдарында жұмыс iстейтiн жоғары бi­лiмдi шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.». 7. «Акционерлiк қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16,99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат): 1) 34-баптың 4-3-тармағы «Қазақстан» деген сөздiң алдынан «Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе,» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 86-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жа­зылсын: «1. Қоғам (акционерлiк қоғамның ұйымдық-құ­қық­тық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымды қоспағанда) шаруашылық серiктестiгi немесе өндiрiстiк кооператив болып қайта құрылуға құқылы, қайта құрылатын қоғамның барлық құқықтары мен мiндеттерi өткiзу актiсiне сәйкес оған ауысады. Қоғам «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зият­кер­лік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көз­дел­ген жағдайда дербес білім беру ұйымы болып қайта құ­рылуға құқылы.». 8. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Респуб­ликасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар): 4-баптың 9-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: «9. Мемлекеттiк органдар, дербес бiлiм беру ұйым­да­ры және олардың ұйымдары, оның iшiнде аталған ұйым­дарда бiлiм беру бағдарламаларын енгiзетiн және (немесе) iске асыратын шетелдiк заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асы­ратын қызметтi қоспағанда, лицензиялау талап етi­летiн қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға немесе белгiлi бiр iс-әрекеттер (операциялар) жасауға лицензия болған жағдайда ғана жол берiледi.». 9. «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шiлдедегi Қазақ­стан Республикасының Заңына (Қазақстан Республи­касы Пар­ламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат): 1) 14-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жа­зыл­сын: «9. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өз­геше көзделмесе, бiлiм беру ұйымы лицензиясы болған жағ­дайда әртүрлi деңгейдегi оқыту бағдарламаларын iске асыруға құқылы.»; 2) 26-бапта: мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Дербес білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеу рәсімін қолданбастан, аталған ұйымдар айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»; 5-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен то­лықтырылсын: «1-1) дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құ­жаттары бар адамдардың;»; 3) 39-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарға теңестіріледі.»; 4) 40-бапта: 2-тармақтағы «Бiлiм» деген сөз «Егер Қазақстан Рес­публикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бiлiм» де­ген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтағы «Бiлiм» деген сөз «Егер Қазақстан Рес­пуб­ликасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бiлiм» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 47-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен то­лық­ты­рылсын: «6-1. Білім беру саласындағы уәкілетті орган «Назарбаев Зияткерлік мектептерін» бітіргеннен кейін білім ту­ралы құжат алған адамдарға білім беру гранттарын алу­ға арналған конкурсқа қатысу үшін ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері туралы сертификаттар береді. Сер­ти­фикаттардың балдары білім беру саласындағы уәкілетті ор­ган бекітетін шәкіл бойынша қорытынды бағаларды (балдарды) ауыстыру арқылы белгіленеді.». 2-бап. Осы Заң, 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан  Республикасының  Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы қаңтардың 19-ы.  №395-IV ҚРЗ