• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
12 Мамыр, 2016

Жарыстар жаңғырығы

161 рет
көрсетілді

Қазақ күресі. Биылдан бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан барысы» республикалық турни­ріне әскери қызметкерлер де қатысатын болады. Астанада осы турнирге қатысатын балуан­дарды анықтау үшін Қарулы Күштер арасында «Әскер барысы» іріктеу жарысы өтті. Оған 16 боз кілем шебері қатысты. Нәтижесінде бас жүлдені Талғат Әміренов же­ңіп алды. Футбол. Қазақстан премьер-лигасының 10-туры өтті. Тур­­дағы ойындар мынадай есеппен аяқ­талды: «Астана» (Астана) – «Ақжайық» (Орал) 2:0, «Тобыл» (Қостанай) – «Қайрат» (Алматы) 1:2, «Жетісу» (Тал­дықорған) – «Оқжетпес» (Көкшетау) 1:4, «Ертіс» (Пав­лодар) – «Тараз» (Тараз) 2:1, «Ор­дабасы» (Шым­кент) – «Шахтер» (Қа­ра­ғанды) 2:0, «Ақтөбе» (Ақтөбе) – «Аты­рау» (Атырау) 1:0 Дзюдо. Әзербайжан астанасы Баку қаласында «Үлкен дулыға» халықаралық турнирі өтіп жатыр. Онда қазақстандықтар сапынан ерлер арасында Азамат Мұқанов (66 кг) күміс медальды, әйелдер арасындағы жарыста Отгонцэгцэг Галбадрах (48 кг) қола жүлдені жеңіп алды. Жеңіл атлетика. Катар­дың Доха қаласында «Гауһар лигасының» бірінші кезеңі өтті. Жарыста Ольга Рыпакова үш қарғып секіруде 14,61 метр нәти­же көрсетіп, үшінші орынға ие болды. Бірінші орынды колум­биялық Катерин Ибаргуэн, екінші орынды Венесуэла спортшысы Улимар Рохас иеленді. Теннис. Италияның бас қа­ласы Римде өтіп жатқан Internazionali BNL d´Italia тур­ни­рінің бірінші айналымында Қазақстанның бірінші, әлемнің 87-ші ракеткасы Михаил Кукуш­кин хорватиялық Борна Чоричті 7:6, 7:5, 6:4 есебімен жеңді. Енді ол екінші айналымда осы жарыстың екінші ракеткасы, британиялық Энди Марреймен кездеседі. Бокс. Бокстан әйелдер ара­­сында өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құ­рама командасының тізімі жарияланды. Әлемдік додаға Назым Қызайбай (48 кг), Жай­на Шекербекова (51 кг), Дина Жоламан (54 кг), Айжан Қожа­бекова (57 кг), Римма Волосенко (60 кг), Зарина Цолоева (64 кг), Валентина Хальзова (69 кг), Виолетта Князева (75 кг), Юлдуз Маматкулова (81 кг) және Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) қатысады. «Егемен-ақпарат» // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e