• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Мамыр, 2016

«Достық» спорт кешені сатылымға қойылды

505 рет
көрсетілді

«Алматыдағы әйгілі «Достық» спорт кешені сатылымға қойылды. Кешеннің бағасы – 3,7 миллиард теңге шамасында», деп хабарлады жылжымайтын мүлік саудасымен айналысатын «Крыша.кз» коммерциялық порталы. 1983 жылы салынған спорт кешені сатылымда кепілдік мүлік ретінде тұрғаны хабарлануда. Аталған ғимараттың меншіктік құқығына ие болған «Қазкоммерцбанк» қаржы мекемесі «Дос­тық» кешенін кепілге қойған кәсіпкердің банк ал­дындағы қарызын өтей алмай, бұдан бірнеше ай бұрын саудаға қойғанын, бір мәрте алмақшы болған клиен­т бас тартқаннан кейін тағы да сауда алаңына шығарылғанын айтқан. 2000 жылға дейін Туризм және спорт агенттігінің қарауында болған «Достық» спорт кешені кейінірек қаржылық жағдайға байланысты акционерлік қоғам болып өзгерген болатын. Аумағы 7,3 мың шаршы метрді құрайтын кешенде 6 теннис корты, 3 футбол алаңы мен көптеген арнаулы және әкімгершілік ғимараттар орналасқан. Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ