• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
12 Мамыр, 2016

Рейхстагқа ту тіккен

2224 рет
көрсетілді

Рақымжан Қошқарбаев Ресей Батыры атағына ұсынылды Алматыдағы Ресей бас консулдығы, «Генералдар кеңесі», «Ардагерлер кеңесі» жергілікті қоғамдық ұйымдары және «Константинополь» студиясы Рейхстагқа алғашқы болып Жеңіс туын тіккен Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевқа «Ресей Батыры» атағын беру туралы ұсыныс жасады. Олар: «Бұл өлілерге емес, тірі­лерге қажет!» акциясы кезінде ұсы­нысты Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге жеткізуді өтінді. – Бізді Қазақстанның қоғамдық бірлестіктері мен Ресейдің барша әскери-патриоттық қоғамдық бір­лестіктері қолдайды деп үміт­тенеміз, – деді «Естелік шамы» халықаралық мемориалдық орта­лығының атқарушы директоры Павел Илларионов. Осы шарада ресейліктер Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске орасан үлес қосқаны үшін Қазақ­стан халқына ризашылық ре­тінде Мәскеуден әкелінген Же­ңіс туының көшірмесі мен гене­рал И.В.Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия шайқасқан майдан даласынан бір уыс топырақ жеткізді. Жеңіс туының көшірмесі Рақымжан Қошқарбаевтың неме­ресі Дәурен Қошқарбаевқа табыс етілсе, топырақ салынған капсула генерал И.В.Панфиловтың немерелеріне тапсырылды. Одан кейін капсула №54 гим­назияның мұражайына берілді. Акция кезінде Халық қаһар­маны Рақымжан Қошқар­баев­тың немересі атасына «Ре­сей батыры» атағын беру туралы ұсы­­­ныс жасаған қоғамдық ұйым өкіл­деріне ризашылығын білдірді. Ол атасының Кеңес Ода­ғының Батыры атағын алмағанымен, «Ре­сей Батыры» атағын алса, тарихи әділеттіліктің болатынын, осы ұсыныстың Ресей президенті Владимир Путинге жолданғанын, қазір ол мәселе қарастырылып жатқанын айтты. КСРО кезінде Рейхстагқа Ми­­хаил Егоров пен Мелитон Кантария ту тіккен деп саналған болатын. Шындығына келгенде, 1941 жылдың 30 сәуірі күні Рейхстагқа алғашқы болып туды взвод командирі, лейтенант Рақымжан Қошқарбаев қарулас досы Григорий Булатовпен бірге тіккен. Бұл туралы кезінде жан-жақты жазылды. Қазақтың батыр ұлы қызыл әскер Берлинге кірген күннен бастап өзінің взводымен ең алдыңғы шептерде болды. Ол Рейхстагқа алғашқы болып ту тігер алдында взводын бастап Король алаңына бірінші болып жеткен. Сол жерде Бірінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталды. Осында барлау взводының ко­мандирі, лейтенант Қош­қар­баевқа Рейх­с­тагқа Қызыл туды тігу туралы тарихи жауынгерлік бұйрық бе­рілді. Жалауды оған батальон ко­мандирі Давыдов пен саяси жетекші Васильченко табыс етті. Рейхстагқа дейін арақашықтық 360 метр болатын. Соған қара­мастан, лейтенант Рақымжан Қош­қарбаев өзінің солдаттарымен оқтың ас­тында 7 сағатта жерге жа­быса ең­бек­теумен өтіп, жауынгер Григорий Булатовпен бірге Рейхстагқа жетіп, сағат 18-ден 30 минут өткенде Жеңіс туын бірінші қабаттағы қабырғаның терезесіне тігеді. Кейін оған ту тіккені үшін Жауынгерлік Қызыл Ту ордені беріліп Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан»