• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
12 Мамыр, 2016

«Атырау» футбол клубының жаттықтырушысы қызметтен кетті

303 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 12 мамыр. «Атырау» футбол клубының бас жаттықтырушысы Владимир Никитенко жұмысынан кету жөніндегі өтінішін берді. Клуб басшылығы бас бапкердің өтінішін қабыл алды. Бұл туралы «Атырау» футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. 59 жастағы Владимир Никитенко 2014 жылдың жазында «Атырау» футбол клубының бас жаттықтырушы қызметін қолға алған болатын. Оның бапкерлігімен аталған клуб өткен маусымды 5-ші орынмен аяқтады. Ал биылғы маусымның 10 тур ойындарынан бір жеңіске ғана қол жеткізіп, 7 ұпаймен 9-орында тұрақтап тұр. Жаттықтырушы 9 мамырда «Ақтөбе» футбол клубымен арадағы кездесу 1:0 есебімен аяқталғаннан кейін қызметінен кетуге шешім қабылдапты. Қазір «Атырау» футбол клубының басшылығы жаңа бас бапкер іздеуге кірісті. Әзірге жаттықтырушы міндетін атқару ассисент Юрий Коньковқа жүктелді. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: «Атырау» футбол клубының баспасөз қызметі. Фото: Рахым Қойлыбаев.