ҚАРАҒАНДЫ. 12 мамыр. Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты мандатын тапсырды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, Қарағанды қаласындағы жастармен жұмыс жөніндегі орталықтың директоры Біржан Әлімжанов депутаттық мандатын тапсырды.
Біржан Әлімжанов қалалық мәслихаттағы ең жас депутат болды. Оның жасы 27-де. Экс-депутат мемлекетке қызметке ауысып, Астанаға қоныс аударды. Заң бойынша шенеуніктер депутаттық қызметті қоса атқаруға болмайды.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек, фото: egemen.kz.