ПЕТРОПАВЛ. 12 мамыр. Қызылжар ауданының тұрғыны Виктор Емельянов келесі жылы 1,5 тонна форель балығын сауда орындарына өткізуді межелеп отыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жас кәсіпкер аумағы 20 гектарды қамтитын, тереңдігі 14 метрді бойлайтын «Каменная старица» су қоймасын жалға алып, балықтың бірнеше түрін өсіруге белсене кірісті. Ол үшін былтыр Ресейдің Түмен облысынан 300 форель шабағын әкеліп, көлге жіберген. Олар түгелге жуық қыстан аман шығып, әрқайсысының салмағы жарты килодан кем болмаған.
«Форель балығы таза суда тез өсетіндіктен, тоғандардың талапқа сай болуын қатты қадағалаймыз. Үлкен сұранысқа ие. Бір килосы 2-2,5 мың теңгеге жетеғабыл», – дейді ол.
Айта кетейік, кәсіпкер форель балығын өткізуге сауда нүктелерімен келісім-шарт жасасқан.
Өмір Есқали.
Дерек, фото: egemen.kz.