• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
12 Мамыр, 2016

Алаяқтар зейнеткердің 4 млн. теңгеден астам ақшасын алып кетті

225 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 12 мамыр. Қостанайда өзін «сақтандыру агенті» деп таныстырған әйел 80 жастағы қарияның 4 миллионнан аса теңгесін алып кеткен. Бұл туралы облыстық ішкі істер департменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қостанай көшелерінің бірінде келе жатқан 80 жастағы қарияны жас әйел тоқтатып, өзін сақтандыру агентімін деп таныстырған. Ол кемпірге ақшаны құнсыздандырмай сақтаудың жолдарын түсіндіреді, сондықтан жиған ақшасын сақтандыруды ұсынады. Қарияның айтуынша, айлакер әйел оны «ақша құнсызданып жатыр, сабан болып қалады» деп қорқытқан. «Сақтандыру» үшін қария банктен 4 миллион  теңгеден аса ақшасын алған. «Агент» әйел банктен шыққан соң зейнеткерге банк қызметкерін шақыруды өтінеді. Ол банктен қайта шыққанда «сақтандыру агентінің» ізі де қалмаған. Полиция облыс тұрғындарын өздері анық білмейтін күдікті ұсыныстарға абай болуға шақырды. Қазір алаяқтарды ұстауға полиция күші жабылды, осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, фото: Қостанай облыстық ішкі істер департментінің баспасөз қызметі.