• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Мамыр, 2016

Жамбыл облысының әкімі Францияның елшісімен кездесті

177 рет
көрсетілді

ТАРАЗ. 12 мамыр. Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев Қазақстан Республикасындағы Францияның төтенше және өкілетті елшісі Франсис Етьенмен  кездесті. Кездесу барысында Жамбыл облысының инвестициялық мүмкіндіктері талқыланды. Өңірдегі «жасыл экономика» бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, химия өнеркәсібін жандандыру, туризмді дамыту жайында әңгіме қозғалды. «Жамбыл облысы «жасыл экономика» бойынша алдыңғы қатарда тұрған өңірлердің бірі. Күн, жел, су электр станциялары жұмыс істейді. 2020 жылға дейін баламалы қуат көздерінен өндірілген энергия облыс сұранысының 30-40 пайызын қамтиды деп күтілуде. Бұл жоғары көрсеткіш. Біз болашақта Франция мемлекетімен де бауырластық арқылы жұмыс істеуге әзірміз. Қазірдің өзінде Ресей, Қытай, Беларусь елдерінің бірқатар облыстарымен тығыз қарым-қатынас орнаттық. Бірлескен жобаларымыз бар», деді кездесу барысында Жамбыл облысының әкімі К. Көкірекбаев. Мұнан соң қос тарап 2010 жылы Индустриаландыру картасына еніп, Мойынқұм ауданында іске қосылған цемент зауытының бүгінгі тыныс-тіршілігіне тоқталды. Кәсіпорын үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында 1,7 млрд. теңгенің өнімін өндірген. «Жұмыс сапары барысында сіздердің өңірде іске асырылып жатқан жобалармен таныстық. Біз өте қуаныштымыз. Әсіресе мамандардың кәсібилігіне ризамыз.  Болашақта сіздерге шағын және орта бизнес саласында өз жобаларымызды ұсынып, табысты жұмыс істейміз», дейді Қазақстан Республикасындағы Францияның төтенше және өкілетті елшісі Франсис Етьен. Оралхан Дәуіт. Дерек, фото: egemen.kz // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e