• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Мамыр, 2016

Бразилия президенті жарты жылға биліктен шеттетілді

459 рет
көрсетілді

АСТАНА. 12 мамыр. Бразилия парламентінің жоғарғы палатасы ел президенті Дилма Русеффті қызметінен жарты жылға шеттету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұл шешімді сенаторлар өз арасында дауыс беру арқылы қабылдаған. Нәтижесінде барлығы 55 депутат қолдаса, 22 адам қарсы шықты. Ал заң бойынша, президенттің қызметінен уақытша кетуіне 41 дауыс жеткілікті. Айта кетейік, Дилма Русефф Бразилияның президенті болып алғаш рет 2010 жылы сайланған. Сонымен қатар, 2014 жылы келесі мерзімге де қайта сайланды. Аян Әбдуәли. Дерек: РИА «Новости». Фото: argumentua.com.