• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
12 Мамыр, 2016

Шымкентте соғыста қаза тапқандарға тағзым етілді

152 рет
көрсетілді

ШЫМКЕНТ. 12 мамыр. Шымкенттегі Түркістан сарайында «Отан қорғаушылар күні аталып өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жиында сөз алған облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов: «Қарулы Күштер қатарында әскери қызмет атқару – Отан алдындағы кез келген ер азаматтың асыл және абыройлы парызы. Біз бүгін ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысының отты жолдарынан өткен жауынгерлердің рухының алдында тағзым етіп, басымызды иеміз. Сіздер әскер сапында ата-аналарыңыздың, сүйікті жарларыңыз бен балаларыңыздың тыныштығын күзетіп, аса жауапты қызмет етіп жатырсыздар. Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз!», деді. Салтанатты кеште елдің қорғаныс қабілетін күшейтіп, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген азаматтар марапатталды. Мерекелік басқосу «Ел қорғаны ерлерім» театрланған көрінісіне ұласты. Бақтияр Тайжан. Дерек, фото: egemen.kz // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e