• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
12 Мамыр, 2016

Оңтүстікте Мәжіліс депутаттары журналистермен жүздесті

166 рет
көрсетілді

ШЫМКЕНТ. 12 мамыр. Оңтүстік Қазақстан облыстық аймақтық коммуникациялар қызметінде Парламент Мәжілісінің депутаттары Құдайберген Ержан, Уәлихан Қайназаров, Мансұрхан Махамбетовтер Оңтүстік өңіріне жасаған жұмыс сапарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жүздесулерде халық негізінен жер кодексіндегі өзгерістер және жалға беру мәселесінде сұрақтарды қойған. Оңтүстік Қазақстан облысына «Нұр Отан» партиясы фракциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланған 8 Мәжіліс депутаты келсе, олардың қатысуымен облыста 33 кездесу ұйымдастырылып, оған 6 мыңнан астам тұрғын қамтылған. «Бүгінде Парламент Мәжілісінде жайылымдық жерлер бойынша арнайы заң әзірленіп, осыған қатысты ұсыныстар жинақталуда. Елімізде жалпы көлемі 188 млн. гектар болатын жайылымдық жер болса, оның 80 млн. гектары тиімді игеріліп отыр. Ал 27 млн. гектар жердің тозығы жеткен», деді Парламент Мәжілісінің депутаты Уәлихан Қайназаров. Бәрімізге белгілі, Елбасы Жер кодексіндегі өзгерістерге байланысты мораторий жариялаған. «Халық қаласа хан түйесін сояды» дегендей Мемлекет Басшысы «халық қаламаған Заң бізге керегі жоқ» деген. Әйтсе де пайдаланылмаудан құнары тозып бара жатқан бос жерлер халық пайдасына жұмыс жасасын. Жер-халықтың қазынасы. Оны мемлекеттің әл-ауқатын көтеруге пайдалану керек. Депутаттар тоқтамы осы. Бақтияр Тайжан. Дерек, фото: egemen.kz // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e