• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
12 Мамыр, 2016

Атыраудағы теңіз кенішінде жер сілкінді

427 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 12 мамыр. Атырау облысындағы ең ірі теңіз кенішінде 3,9 баллдық жер асты қыртысының тербелгені тіркелген. Бұл туралы azh.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жер асты дүмпуі 8 мамырға қараған түнде білінген. «Геофизикалық зерттеулер институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының жедел ақпаратына сәйкес, 2016 жылғы 8 мамырда Астана уақытымен 01 сағат 27 минутта (7 мамырда Гринвич бойынша 19 сағат 27 минутта) эпиорталығы теңіз кенішінің аумағында жер сілкінісі тіркелген. «Эпиорталық координаттары: 45.99 градус солтүстік ендікте, 53.97 градус шығыс бойлықта. Магнитудасы mb=3.9. Энергетикалық сыныбы K=8.5», – делінген хабарламада. Жергілікті табиғат жанашыры, академик Мұфтах Диаровтың, сонымен бірге, Қазақстан ұлттық ғылым академиясының сейсмология институтының мәліметтеріне қарағанда, Атырау облысының аумағы, сондай-ақ, Каспий теңізінің акваториясы да Рихтер шкаласымен 6 баллға дейінгі магнитудалы жер сілкінісі болуы мүмкін жер қыртысы теліміне кіреді. Бұған Каспий теңізіндегі «Қашаған», «Қайран», «Ақтоты», «Королевское» және «Теңіз» тұзасты кеніштері де жер қыртысының тектоникалық белсенді телімдеріне орналасқанына назар аударылады. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек, фото: azh.kz.