• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Мамыр, 2016

Ядролық физика институтының басшысы Орал қаласына келді

427 рет
көрсетілді

ОРАЛ. 12 мамыр. Алматы қаласында Энергетика министрлігіне қарасты ядролық физика институты жұмыс жасайды. Бұл институт 1957 жылы халқымыздың біртуар ұлы, академик Қаныш Сәтбаевтың бастамасымен құрылған болатын. Республика аумағында оның үш бөлімшесі бар болса, соның бірі Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында орналасқан. Бұл нысан ЛИРА деген атауға ие. Бұған дейін жергілікті тұрғындар бұл нысаннан радиациялық сәуле таратады, деп қауіптеніп келген еді. Екіншіден, олар кезінде аса қауіпті деп саналатын, әрі атқаратын қызметі көпшілікке түсініксіз нысанның қандай қажеттілігі бар деген ұсыныс-пікірлерін де қоса білдірген болатын. Көпшілікті толғандырып келген осындай сауалдарға Орал өңіріне сапары кезінде аталған ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев толыққанды жауап берді. Бұл туралы еgemen.kz тілшісі хабарлады. Оның айтуынша, институттың басты мақсаты – радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және реакторлық зерттеулер жүргізуге бағытталған. «Сонымен қатар, институт жанында кешенді экологиялық зерттеулер орталығы жұмыс істейді. Бар болғаны осы ғана. Мұнда тұрған ешқандай құпия жоқ. Тіпті, «келемін, көремін» деген азаматтар үшін біздің институттың да, «Лира» нысанының да есігі қашанда ашық», – дейді ол. Ядролық физика институты бас директорының сөзінен тағы бір ұққанымыз, биыл ЛИРА-ның құрылғанына 18 жыл толып отыр екен. Осы уақыт аралығында мұнда адам өміріне қауіп туғызатындай теріс экологиялық көріністер тіркелмепті. Институт басшысы алдағы уақытта да мұндай жағдай орын алмайтынына сенім арта алады. Темір Құсайын. Дерек: egemen.kz. Фото: inform.kz.