• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
14 Мамыр, 2016

Ардагерлерді құттықтады

792 рет
көрсетілді

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдық мерекесі аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Зиятдин Қасанов өзі депутаттыққа сайланған Алатау ауданы 26-шы округінің ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады. Мереке күні Зиятдин Қасанов ардагер аталар мен апалардың шаңы­рақ­тарына арнайы бас сұғып, Ұлы Жеңістің символы – қалампыр гүлдерін, азық-түлікке толы себеттер және қаржы­лай көмегін табыс етті. Ол өзінің құттықтау сөзінде бүгінгі ұрпақтың ашық аспан аясын­дағы тыныш, ма­мыра-жай өмірі кешегі қиянкесті соғыста елі, жері, келешегі үшін жаумен аян­бай арпалысқан ардагерлердің ер­лігінің арқасында келгенін, сол баба­ларымызды әрқашанда мақтан тұтып, құрметтейтіндігін айтып өтті. Көздеріне жас үйірілген ардагерлер бірлестік төрағасына алғыстарын білдіріп, ақ баталарын беріп, енді еш­­қашан соғыстың болмауын, зама­нымыздың тыныш­тығы мен елдің амандығын тілейтін­діктерін жеткізді.  Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» Алматы