• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
14 Мамыр, 2016

Иран және Габон

1596 рет
көрсетілді

Иран мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық тұрақты түрде табысты дамып келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жақында өткен Иран Ислам Республикасына ресми сапары екіжақты уағдаластықтарға негізделген табысты сапар болды. Елбасының ресми сапары барысында екі ел арасында жалпы құны 2 миллиард доллардан асатын 66 құжатқа қол қойылды. Иран жағы Қазақстанмен сауда жасауға, елімізге инвестиция салуға мүдделі екендігін айқын паш етті. Иран Ислам Республикасы – Азияның оңтүстік бөлігінде орна­ласқан мемлекет. Жер көлемі 1,648 миллион шаршы ша­қы­рымды құрайды. 2011 жыл­ғы санақ бойынша Иран хал­қы 75 149 669 адам болды. Иран – по­лиэтникалық мемле­кет. Хал­қының этникалық құрамына келетін болсақ, 61 пайызы – парсылар, 16 пайызы – әзербайжандар, 10 пайызы күрдтер және басқа ха­лықтардан құралған. Елдің ресми тілі – парсы тілі, мемлекеттік діні – ислам діні, Иран – діни мем­лекет. Иран мемлекетінің конс­ти­туциясы ұлттық, діни ерек­ше­ліктеріне қарамастан, халық­тың барлығына бірдей тең құқық береді. Ел тұрғындары әлеу­меттік жағы­нан қорғалған. Медици­на­лық қызмет және білім беру тегін. Иран жерінде адам баласы тым ерте заманнан бері қоныстанып келеді. Б.з.д. 2-мыңжылдықта бұл аймаққа Орталық Азиядан арий тайпалары келіп қоныстанады. Б.з.д. 672-673 жылдары қазіргі Иран­ның солтүстік батысында Ми­дия мемлекеті пайда болды. Ол 615-616 жылдары Ассирияны тал­қандап, аса ірі мемлекетке айналды. 550 жылдары билік парсылық Ахемен әулетіне көшті. Батыс пен Шығысты жалғастыратын сауда жолдары үшін бұл мемлекет гректермен ұзақ жылдар со­ғысты. Сақтар еліне бірнеше дүр­кін басқыншылық (Кир ІІ, Дарий І) жорықтар жасады. Ахе­мен әулеті мемлекетін б.з.д. 330 жылы Ескендір Зұлқарнайын тал­қандады. VІІ ғасырдың екін­ші жартысында Иран араб хали­фатының құрамына қосылды. VІІІ ғасырда араб халифатының билеушісі Әбу әл-Аббас әс-Саффах халифат астанасын Бағдад қаласына көшірді. ХІІ ғасырда салжұқтар бірнеше сұлтандыққа бөлініп, осы ғасырдың соңында бүкіл Иранды түркі қыпшақ тайпасынан шыққан Хорезм шахы Текеш биледі. 1220-1256 жылдары Иранды Шыңғыс хан әулеті жаулап алды. 1380-1393 жылдары Иранды Әмір Темір әскерлері басып алды. ХVІ ғасырда Кіші Азиядан шыққан түркі тайпалары (қызылбастар) Иранға басып кіріп, оны толығымен бағындырды. ХІХ ғасырдың соңында Иран еуропалық мемлекеттердің жар­тылай отарына айнала бас­тады. 1909 жылы бірлескен ағылшын-парсы мұнай компания­сы құрылды. Елдің солтүстігіне Ресей, оңтүстігіне Ұлыбритания қо­жалық етті. 1905-1911 жылда­ры шетелдіктерге қарсы ұлт-азат­тық күресі белең алды. 1918 жы­лы ағылшындар бүкіл Иранды ба­сып алып, оны кіріптарлық шарттарға қол қоюға мәжбүрледі. 1921 жылы Реза ханның басшы­лы­ғымен мемлекеттік төңкеріс ұйым­дастырылып, жаңа үкімет құрылды. 1941 жылы 16 қыр­күйекте Реза шах тақтан өз еркі­мен бас тартып, орнына баласы Мұ­хаммед Реза Пехлеви шах болды. 1955 жылы Иран шахы М.Р.Пех­леви АҚШ-пен әскери келісімдер жасасты. 1960 жылдан бастап Иран батыс үлгісімен дами бастады. Елде АҚШ капи­талының үстемдік алуы, ұлттық құн­дылық­тардың аяққа басылуы 1972 жы­лы халықтың шах үкіметіне қарсы жаппай көтеріліске шы­ғуына алып келді. 1979 жылғы 11 ақпандағы төңкеріс нәтижесінде шах үкіметі құлап, 1 сәуірден бас­тап Иран Ислам Республикасы жарияланды. Үкімет басына шиит дінбасыларының көсемі Аятолла Р.Хомейни келді. Иран Орталық Шығыстағы ең ірі экономика болып санала­ды. Ол ІЖӨ жағынан Азияда Қы­тай, Жапония, Үндістан, Түр­кия, Индонезия және Оңтүстік Корея­дан кейінгі жетінші орын­ды иеленеді. Иран мұнай өнді­ру көлемі жағынан ОПЕК мем­лекеттерінің ішінде екінші орынды иеленеді. Иран мұнай өнеркәсібі жоғары дамыған ин­дустриялық ел болып табылады. Мұнда ірі мұнай өңдеу және мұнай химия кәсіпорындары жұмыс істейді. Сонымен бірге, машина жасау және металл өңдеу өнеркәсібі де жақсы дамыған. Елдің тамақ және тоқыма өндірісі саласында да табыстары үлкен. Иран әлемдегі бүкіл табиғи газ қорының 16 пайызына иелік етеді. Иран экономикасының да­муына соңғы жылдары Батыс мемлекеттері тарапынан қойылған санк­циялар өте кері ықпалын тигіз­ді. Соңғы уақытта Иранның батыс мемлекеттерімен жүргізген табыс­ты дипломатиялық келіссөз­дерінің нәтижесінде эконо­ми­калық санкциялар біртіндеп алына бастады. Қазақстан Президентінің Иран Ислам Республикасына жасалған ресми сапары екі ел арасындағы ынтымақтастық байланысқа жаңа қарқын берді. Сапар барысында Елбасы келесі жылы біздің елімізде «Болашақтың энергиясы» тақырыбында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетіндігін еске салып, осыған байланысты баламалы энергетика саласында алдыңғы қатарлы, озық технологияларға қызығушылық мол екендігін жеткізді. Мемлекет басшысы қа­зір­гі Қазақстанда басымдығы бар бірқатар мемлекеттік ба­ғ­дар­ламалар жүзеге асырылып жат­қанын, оларға Иран компания­лары қатыса алатындығын атап көрсетті. Бұлар – инфрақұрылымды дамы­туға арналған «Нұрлы Жол» бағ­дарламасы, индустрияландыру бағдарламасының екінші кезеңі және ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасы. Сонымен бірге, Қазақстан Иран­мен ын­ты­мақтастықты медицина, биотехнология, агротехнология, ғарыш технологиясы салаларында да белсенді түрде дамытуға мүдделі. Иран мемлекетінің хал­қы көп. Сондықтан, тұтыну қабілеті де жоғары. Осы себепті Қазақ­станның ауылшаруашылық саласы бұл елге жылдан-жылға бидай, арпа, майлы дақылдар және басқа егіншілік өнімдерін экспорттауды арттыра бермек. Габон Республикасы – Ор­талық Африкадағы мемлекет, Фран­цияның бұрынғы отары болып табылады. Жер көлемі 267 667 шаршы шақырымды құрай­ды. 2012 жылғы санақ бойынша халқының саны 1 563 873 адамды құраған. Ел астанасы – Либревиль, мемлекеттік тілі – француз тілі. Габон 9 провинцияға бөлінген президенттік республика болып табылады. Габон Республикасы шығысында және оңтүстігінде – Конго Республикасымен, солтүс­тігінде – Камерунмен, солтүстік-батысында Экваторлық Гви­нея­мен шекараласады. Елдің батыс жағалауын Атлант мұхи­ты­ның суы шайып жатыр. Хал­қының  басым көпшілігі католик дінін, аз бөлігі мұсылман дінін ұстанады. Габон Республикасы  Африка құрлығындағы ең бай және тұрақты мемлекет болып табылады. Ел аумағында алғаш пигмей тайпалары өмір сүрді. Олар тропикалық ормандарда аң және жеміс терумен айналысатын. Х-ХІІІ ғасырларда Габон жеріне мұхит жағалауындағы банту тайпалары қоныс аударды. Шығыста және оңтүстігінде теке, мпонгве тайпалары қоныстанды. ХІХ ғасырда Габонға фанг тайпалары басып кіріп, жергілікті тайпаларды ығыстырып, елдегі ең көп этникалық топқа айналды. 1472 жылы Габон жеріне капитан Руй ди Сикейру бастаған пор­тугалдар басып кірді. ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда Габон жері­не голландтар, француздар, ис­пандар және ағылшындар келе бас­тады. Сөйтіп, бұл жерде құл­дарды сататын Орунгу король­дігі құрылды. Ол 1873 жылға дейін еуропалықтардың көмегі­мен өмір сүрді. Габон жерін фран­цуздардың отарлауы 1839 жылы капи­тан Л.Э.Буэ-Вийомездің басшылығымен жүзеге асырылды. 1840-1960 жылдары француз отар­шылары жергілікті тайпа көсем­дерінің бәрімен келіссөз жүргі­зіп, оларды «Францияның қор­ғанышы мен шапағатына» кіруге көндірді. Габон Республикасы 1960 жы­лы өзінің тәуелсіздігін алды. Осы уақыттан бері ол Африкадағы жан басына шаққандағы табысы ең жоғары дамыған және тұрақ­ты мемлекет болып табылады. Бүкіл тәуелсіздік жылдарында Габонда бар болғаны үш президент қана ауысты. 1961 жылы Леон Мба бірінші президент болып тағайындалды. 1967 жылы Мба өлгеннен кейін 32 жасар Альбер-Бернар Бонго президент болып сайланды. 1973 жылы ол христиан дінінен шығып, ислам дінін қабылдап, әл-Хадж Омар Бонго деген есім алды. Бонго теке тайпасы көсемінің ұлы болатын. 2005 жылы өткен сайлауда әл-Хадж Омар Бонго сайлаушылардың 80 пайызының қолдауымен тағы да президент болып сайланды. 2009 жылы 8 маусымда елді 38 жыл басқарған Омар Бонго қайтыс болды. 2009 жылы 30 тамызда өткен сайлауда ел президенті болып әл-Хадж Омар Бонгоның ұлы Али-бен Бонго сайланды. Қазба байлықтарының арқа­сында Габон Африка құрлы­ғындағы ең бай мемлекеттердің бірі болып табылады. Бұл елде жан басына шаққанда ІЖӨ көлемі Африка құрлығында үшінші орын алады. Тұрғындарының 60 пайызына жуығы ауыл шаруа­шылығымен айналысады. Не­гізінен бұл елде какао, кофе, қант және мал өнімдері өндіріледі. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»