• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
14 Мамыр, 2016

Күн тәртібі белгіленді

178 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовтің жетекшілігімен Мәжіліс бюросы өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Онда алдағы жалпы отырыс­тың күн тәртібі қаралып, депутаттар назарына Сауд Арабия­сы Корольдігімен табысқа салынатын салықтарға қатысты қосар­ланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы үкіметаралық конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылатын болды. Сондай-ақ, осы күні Мәжіліс депутаттары ілеспелі құжатпен «Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы» заң жобасын жұмысқа қабылдайды деп күтілуде. Жалпы отырыста депутаттар 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан мен Ресей арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігі­нің түбін межелеу туралы келі­сімге Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы Хаттаманы, сонымен қатар, ТМД-ға қатысушы мем­лекеттердің аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру тәртібі мен олардың қызметі туралы келісімді рати­фикациялауға байланыс­ты бейінді комитеттерге қоры­тынды әзірлеу мерзімін таға­йын­дайтын болады.