• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Мамыр, 2016

Бекболат Тілеуханов: «Жер - халықтың асыраушысы»

316 рет
көрсетілді

АСТАНА. 14 мамыр. Бүгін ұлттық музейде өтіп жатқан Жер реформасы жөніндегі комиссия тырысында Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханов жер мәселесіне байланысты өз ойын білдіріп, жер халықтың басты асыраушысы дегенді айтты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жиында сөз алған Бекболат Тілеуханов Жер реформасын қайта қарауда біз халықтың мүддесін қорғайтын тұсын басты назарға алуымыз керек деді. Сондай-ақ, ол: «Ағайындар, жер - біздің басты байлығымыз, асыраушымыз, бабаларымыздан қалған мұра. Сондықтан да дауға байланысты даурығып, билікке кінә артпауымыз керек. Елбасының тапсырмасына сәйкес арнайы комиссия құрылды. Енді біз қазақ даласының болашағы үшін егжей-тегжей Жер кодексін қайта қарап, жұмыс жасаймыз. Жерді қорғау, қастерлеу бәріміздің мақсат-мұратымыз», – деді. Сонымен қатар, мәжілісмен: «Елдің жерге деген махаббаты, бүлкілдеген жүрегі, қамқорлығы қазақ деген ұлттың қайсар екенін тағы бір көрсетті. Алайда, жер сатылады екен, қытайлықтар қаптайды деген сөз жалған. Бұл тиісті министрліктердің, біздің дұрыс жұмыс жасай алмағанымыздан орын алды. Халық наразылық танытты. Айналайын ағайын, жер сатылмайды, тек отандық кәсіпкерлер Жер-анаға ақша құйып, түлетіп, елдің экономикасын көтере алады», – деді. Талғат Райымбеков. Дерек, фото: egemen.kz.