АСТАНА. 14 мамыр. Бүгін Алматыда «Grand Prix» турнирі аясында дзюдо академиясы ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Оның салтанатты ашылу рәсіміне Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер және Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев қатысты.
Жаңадан ашылған дзюдо академиясы халықаралық стандартқа сай. Спорт кешенінде төрт татамиге арналған зал, жаттығу залы, 100 орындық жатақхана мен асханасы орналасқан. Онда Қазақстан ұлттық құрамасымен қатар, жас дзюдошылар да жаттығатын болады. Академияда халықаралық жаттығу жиыны, семинарлар, әртүрлі шеберлік сабақтары ұйымдастырылады деп жоспарланған.
Дастан Кенжалин.
Дерек, фото: fdk.kz
// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e