• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Мамыр, 2016

Сирияда қақтығыс кезінде 55 адам қаза тапты

420 рет
көрсетілді

АСТАНА. 15 мамыр. Сирияның шығысындағы Дайр-эз-Заур қаласында орналасқан ауруханалардың бірін лаңкестер бірнеше сағатқа басып алды. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Куәгерлердің айтуынша, қақтығыс кезінде шамамен үкімет әскерінен 35 адам, ал лаңкестік ұйымның 20-дан астам содыры қаза тапты. Сонымен қатар, бірнеше дәрігерлерді тұтқынға алып кетті. Олардың өмірінен әзірге нақты мәлімет жоқ. Британиядағы адам құқықтарын бақылау бойынша сириялық орталықтың мәліметтеріне сәйкес, экстремистерге тойтарыс беру нәтижесінде жауынгерлер аурухананы бақылауды өздеріне қайтарып алды. Қазір жараланғандарға көмек көрсетіліп жатыр. Бұл іске ИМ ұйымының қатысы бар деген болжам бар. Себебі, олар Дайр-эз-Заур қаласының жартысынан астам бөлігін өз бақылауында ұстап отыр. Алдағы уақытта қаланы толықтай басып алуды көздеуде. Аян Әбдуәли. Дерек: inform.kz. Фото: ria.ru.