• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
15 Мамыр, 2016

Жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 8 адам қаза тапты

222 рет
көрсетілді

АСТАНА. 15 мамыр. АҚШ-тың Техас штатында ірі жол апатынан 8 адам қаза тапты. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жолаушылар мінген автобус апатқа ұшырады. Салдарынан тағы 44 адам түрлі деңгейде жарақат алып, ауруханаларға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, олардың арасында жағдайы мүшкіл адамдар да бар. Жол апатының неден болғаны әзірге белгісіз. Қазір оқиға орнында тәртіп сақшылары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Алайда, мәліметтер бойынша сол маңайда нөсерлетіп жауын жауған. Осының салдарынан көлік жүргізушісі рульге ие бола алмаған деген болжам жасалды. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: 24.kz.