Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві 2015 жылдың қаңтарында «Екінші дүниежүзілік соғыстың қазақстандық әскери тұтқындары: әдебиеттер, деректер, мәліметтер базасы» ғылыми-зерттеу жобасын қолға алған болатын. Осы жобаның аясында www.tutkyn.kz веб-сайты іске қосылды, онда қазақстандық әскери тұтқындардың тізімі бар онлайндық республикалық ақпараттық базасы орналастырылды.
Жобаны жүзеге асыру барысында тарихшы ғалымдармен кездесулер өтіп, кеңестер алынады, осы тақырып бойынша архив құжаттары, мақалалар мен естеліктер жинақталуда, жобаға облыстардан архивистер келіп қосылды. Архивистер тұтқында болған соғыс ардагерлерімен кездесіп, сол кездегі қиыншылықтары мен зардабы туралы естеліктері жазылып алынды. Бір жарым жыл ішінде 35 мыңға жуық қазақстандық әскери тұтқындардың есімдері ақпараттық базаға енгізілді.
2015 жылдың мамырында Германия Федеративтік Республикасы бұрынғы кеңестік әскери тұтқындарға төленетін 2500 еуро көлеміндегі өтемақыны тағайындау туралы шешімін қабылдады. Соның негізінде ҚР Президентінің Архиві жоба негізінде табылған 8 қазақстандық бұрынғы әскери тұтқынға төленетін өтемақыны алуға байланысты құжаттарды ресімдеуге көмек көрсетті.
Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны, соғыс ардагері Мамытбай Жанаев (20 ақпан 1923 ж. − 08 шілде 2016 ж.) қайтыс болар алдында Германиядан өтемақыны алып үлгерді.
Мамытбай Жанаев 1942 жылдың 27 мамырында Сарыағаш аудандық әскери комиссариатының шақыруымен Қызыл армия қатарына аттанды, 105-ші атқыштар полкінде қатардағы жауынгер болып соғысты. 1942 жылдың 17 тамызында жаудың қоршауына түсіп тұтқындалды. 1942 жылдың тамызынан 1945 жылдың сәуірі аралығында Майкоп, Керчь, Севастополь, Кассель, Остер қалаларындағы тұтқындарға арналған лагерьлерде болды. 1945 жылдың мамырында Мамытбай Жанаевты америкалық әскерлер азат етті.
ҚР Президенті Архивінің директоры Борис Әлікенұлы Жапаров жау тұтқынында болған Мамытбай Жанаев сияқты ардагерлерді екінші дүниежүзілік соғыстың майдангер-қатысушысы ретінде тану маңызды деп атап көрсетті. Осындай ілтипат үшін олардың туысқандары Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің және Шымкент өңірлік мемлекеттік архив қызметкерлеріне алғыс білдіруде.
Жібек БАЙҚАШ,
ҚР Президенті Архивінің
бас сарапшысы

Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 21:04
Ғылымға негізделген саясат: Қазақстан халықаралық қауымдастықтың назарында
Ғылым • Бүгін, 20:47
Футбол жанкүйерлері үшін ұйқысыз түн: Бүгін қандай ойындар бар?
Спорт • Бүгін, 20:34
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Бүгін, 20:12
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Бүгін, 19:56
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 19:11
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Бүгін, 18:59
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Әлем • Бүгін, 18:36
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 18:08
Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 18:00
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Бүгін, 17:55
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:43
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 17:35
Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:25
Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті
Парламент • Бүгін, 17:13