Жалпы, ұсыныстар жақсарып келе жатыр. Кейiнгiсiнiң алдыңғы ұсыныстан әлдеқайда тиімді екендiгiне дауа жоқ. Бiрақ апострофтарды ерсiлi-қарсылы қолдана беру көңiлге қонымсыз. Сосын, диграфты мүлдем жоққа шығаруға да өз басым қарсымын. Мысалы S-тың қасына H-ты қойып, Ш-ны беруге болады. Белгiлi бiр мөлшерде диграфты да, апострофты да пайдалану керек. Бастан аяқ жiңiшкелiкке апострофты пайдалану жазылған сөйлемнің көрінісіне әсемдік бере алмайтын сыңайлы. Мысалы, «өңшең» немесе «иiлу» деп жазып көрсеңіз сөздің үсті дәйекшеге толып кетеді. Сондықтан бұл мәселенi тағы да қарау керек деп ойлаймын. Негізінен, диграфтан толық бас тартудың қажетi жоқ. Әрине, А мен Е-нi қосып қойып, Ә әрпін беру ақылға қонымсыз. Бiрақ жөн-жосықсыз үстiне апостроф берудiң қажетi жоқ. Өте жиi пайдаланылатын әрiптерге апостроф немесе басқа белгiлердi қоса беру адамдарды шатастырады деп санаймын.
Бекболат ТІЛЕУХАН,
Мәжіліс депутаты