Әдебиет • 19 Қазан, 2017

Латын әліпбиіне көшу бү­гінгі жүрісі жылдам заман талабы

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Латын әліпбиі – ғылым мен техниканың, ғалам­тор мен жаңа технологиялар тілі. Латын әліпбиіне көшу бү­гінгі жүрісі жылдам заман талабы. 

Латын әліпбиіне көшу бү­гінгі жүрісі жылдам заман талабы

Латын әліпбиі – ғылым мен техниканың, ғалам­тор мен жаңа технологиялар тілі. Латын әліпбиіне көшу бү­гінгі жүрісі жылдам заман талабы. Кезінде жап­пай компьютерлендіру үрді­­сін де аға буын – біз, бір қор­қы­нышпен, жылдам игеріп кете алмаймыз ба деген се­нім­­­сіздікпен қабыл алған болатынбыз. Ал қазір компьютер тілін пайдаланушы деңгейінде білмейтін адам жоқ шығар. Сондықтан латын әліпбиін де тез игеріп кетеміз деп ойлаймын. Латын әліп­биі­нің бірнеше нұс­қалары ұсынылып, ең тиім­дісі, халыққа иге­ріп кетуге ыңғайлысы қабыл­дан­бақ.

Алдыңғы 25 әріптен тұ­ра­­тын, қазақтың төл ды­быс­­тарын диграфтармен берген нұсқасы халық тарапынан көп сынға ұшы­рады. Себебі төрт-ақ әріп­тен тұра­тын «өзің» деген қазақ­тың төл дыбыстары бар қыс­қа сөздерді жазу үшін ал­ты немесе одан да көп әріп­пен жазуға тура келер еді. Ал көпшіліктің пікі­рі­мен санасып жасалған, 32 әріп­­тен тұратын соңғы нұс­қа­да­ғы латын әліпбиінде ба­р­лық қазақ тіліне тән ды­быс­тар сақталып отыр. Осы нұсқа қолданысқа енсе қиын­дық ту­д­ыр­майды деп ойлаймын.

 

Баянгүл ҚОЖАХМЕТОВА,
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Қазақ тілі мен журналистика кафедрасының аға оқытушысы