Қазақстан • 01 Желтоқсан, 2017

Мұхтар Алтынбаев: Елдің мызғымас атрибуты – ұтқыр да кәсіби армия

876 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының сындарлы ішкі және сыртқы саясаты қоғамды алаңдаушылықтардан, елді құлдыраудан сақтап қалды, өтпелі кезеңнің барлық қатерлері мен қиын-қыстауларынан өтуге мүм­кіндік берді. 

Мұхтар Алтынбаев: Елдің мызғымас атрибуты – ұтқыр да кәсіби армия

Тарихи өлшем­дер бойынша қысқа кезеңде Қазақ­стан әлемнің бәсекелестікке ең қабі­летті 50 елдің қатарына сенімді түрде кірді, халықаралық қоғам­дас­тықтың толыққанды мүшесі болды, қарқынды даму, тұрақтылық пен келісімнің үлгісі бола білді.

Президенттің Қазақстан Респуб­ликасының Қарулы Күштерін құру­дағы бірегей формуласы мен рөлі бүгінгі күні одан сайын бірегей бола түсуде. Нұрсұлтан Әбішұлының жі­гері мен стратегиялық пайым­дауы еліміз үшін, сонымен қатар Қарулы Күштер үшін де пәрменді ше­шім болды. Қазақстан өз мемле­кеттік шекарасын заңды түрде ре­сімдеу мен белгілеу жөнін­дегі мәселелерді шешті, өз аумағы­ның барлық периметрі бойынша достық көршілік белдеуін қалып­тастырды. Шекараны делимитация­лау мемлекеттің сындарлы халық­аралық саясатының және Елба­сының тікелей беделі мен күш-жігерінің арқасында мүмкін болды. Бұл ел тарихындағы баға жетпес жетістіктердің бірі болып табылды. Қазақстан мемлекеттік шекара периметрі бойынша орналасқан барлық елдермен Мәңгілік достық және ынтымақтастық туралы шарттарға қол қойып, ратификациялады.

Кез келген мемлекеттің еге­мен­дігін қамтамасыз етудің маңызды да мызғымас атрибуты қазіргі заманғы, ұтқыр да кәсіби даярланған армия екені даусыз. Ал еліміздің Тұң­ғыш Президентінің нақты да көпжақты саясатының нәтижесінде Қазақстан әлемдік қоғамдастықта лайықты орнын тапты, тиімді халықаралық ахуал қалыптастырды, әлемнің озық елдерімен саяси, эко­номи­калық және әскери салалар­ын­да ынтымақтастық орнатты. Қа­лып­тасу тарихына зер салатын болсақ, ол кез көптеген қайшылықтар мен проблемалардан тұрған өте қиын кезең еді. Шалыс басқан бір ғана қа­дам ауыр жағдайға душар ететін. Оны бастарынан өткерген әскери қызметшілер мен ардагерлер жақсы біледі. 

Қазақстан Қарулы Күштері жа­ңа тарихта мүлдем жаңа елде құрыл­ды. Сол кезеңдердегі пробле­ма­ларға, құқықтық базаның және әскери құрылыс тәжірибесінің жоқтығына, өтпелі кезеңнің қиын-қыстауларына қарамастан, біз қысқа мерзімде егеменді мем­ле­кет­тің Қарулы Күштерін құра алдық. Жеке құрамды, техника мен қару-жарақты, ауқымды материал­дық құн­дылықтарды сақтап қалу міндеті орындалды. Бұл Елбасы – Қару­лы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбас­шы­ның зор үлесі. Президентіміз Қазақ­стан­ның егемендігі мен ұлт­­тық қауіп­сіздігін қамтамасыз ету бірінші ке­зектегі басымдық еке­нін есімізге үнемі салып отырды. Ар­мияны жаңғыртумен қатар Елбасы әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешуді де ұмыт қалдырған жоқ. 

Кеңес Одағынан кейінгі кеңіс­тікте ұжымдық қауіпсіздікті қамта­ма­сыз етуге бағытталған тиісті шартқа 1992 жылы Ташкентте ТМД-ның алты мемлекеті басшыларының қол қоюының маңызы зор болды. Онда қатысушы елдер мем­лекетаралық қатынастарда күш қол­данудан қалыс қалуға және өзге мемлекеттермен барлық келіс­­пеушіліктерді бейбіт жолмен реттеу­ге міндеттенді. Елбасының бастамалары озық елдердің басшылары және халықаралық ұйымдар тарапынан қолдау тауып, ол Қазақ­станға мұқият назар аударуға себеп болды. Еліміз сыртқы саясат саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді, халықаралық қоғам­дас­тықтың беделді мүшесі болды.  

Президенттің салиқалы саясаты Қазақстанға ішкі саяси міндеттерді іске асыруға мүмкіндік беріп қана қоймай, әлемдік қоғамдастыққа Қазақстанның жанжалдарды бейбіт жолмен реттеуді және халықаралық қауіпсіздікті нығайтуды жақтаушы болып табылатынын көрсетті. Әдет­те көрнекті жеке тұлғалар мен на­ғыз көшбасшылардың өзіндік ерек­шеліктері болады. Табиғат мұн­дай адамдарға қабілет пен дарын бе­реді, бірақ оларды жеңіске жеткі­зе­тін мінездің ең маңызды қа­сиеттерін өздері ғана дамытады. Бір­неше жыл мен ерекше дарынды адам – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге қызмет іс­теу бақытына ие болдым. Қару­лы Күштердің Жоғарғы Бас Қол­басшысымен танысқан және жұмыс істеген алғашқы күндерден бастап мен үшін және Қарулы Күштердің барлық жеке құрамы үшін ол өз Отанына адал қызмет етудің жарқын үлгісі болды. Маған, әскери ұшқышқа, еліміздің қорғаныс ведомствосын басқару ұсынылған сәтті ерекше сезіммен еске аламын, оның басшылығымен жұмыс істеу мүмкіндігін бергені үшін тағдырыма шексіз ризамын. 

Қарулы Күштерді басқару жүйесі қысқа мерзімде құрылғанын атап өту қажет. Оларға әскери-саяси басшылық жасауды Қазақстан Рес­публикасының Президенті – Қа­рулы Күштердің Жоғарғы Бас Қол­басшысы жүзеге асырды. Қиын да күрделі кезеңде мемле­кет­тілікті қалыптастыру және ны­ғайтуға экономикалық және сая­си реформалар жүргізе отырып, Пре­зидент әскери құрамдарды дамыту саласындағы саяси рөлі мен стратегиялық маңызын ғана  емес, сонымен қатар әскери әлеуетін де ба­са көрсетуге ерекше мән берді. Ел­ба­сымыз бүгін де әскери қауіпсіз­дікті қамтамасыз ету мәселелеріне мұқият назар аударып келеді.

Қазіргі кезде Қазақстанның ұтқыр және кәсіби даярланған армиясы бар екенін мақтанышпен айтуға болады. Қарулы Күштердің жетістіктерін ең алдымен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыс­ты­рады. Ол – шындық. Өйткені Қа­рулы Күштерді қалыптастыру мен дамытудағы Елбасының рөлі шексіз. Сол жылдардағы оқиға­лар­дың тікелей қатысушысы және Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қол­басшысы ретінде әскери қауіпсіз­дікті қамтамасыз ету бойынша қабылдаған күрделі шешім­де­рінің куәсі  бола отырып, толық жа­уапкершілік сезімімен мен оны өз елінің ұлттық мүддесін бәрінен жоғары қоятын әлемдік деңгей­дегі дара тұлға деп айта аламын.

Армияны құру басталғанда көп­теген проб­лемалар кездесті, бірақ біз өзіміздің толассыз жұмы­­сы­мызда Жоғарғы Бас Қолбасшы­ның қолдауын әрқашан сезіндік. Әскери ретінде мені, шетелдік әріп­тес­терімізді, ең алдымен оның стра­тегиялықтан тактикалық деңгейге дейінгі әскери мәселелерді терең және нақты білуі таңғалдырады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары және бүгінгі күні қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі басымдық біздің саяси қызметімізге тиесілі екені сөзсіз. Бұл ретте Президент Қарулы Күштерді құру және жаңғырту, олардың кәсіби даярлығы мен жауынгерлік әзірлігі деңгейін арттыру, қазіргі заманғы қару-жарақ құралдарымен жарақтандыру, әскери қызметтің беделін арттыру үшін бірінші кезектегі маңызға ие әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударады.

Президент әскери қызмет­шілермен кездесулерде «берілген бағыттан ауытқымай, бес қаруың сай болсын» деген кеңес береді, яғни бұл Отанды қорғауға әрқашан дайын, жауынгерлік әзірлікте жә­не жауынгерлік қабілетті бол деген сөз. Мемлекет басшысы әртүр­лі шешімдерге бейімделе білу керек­тігін және ұлттық мүдделерге зиян келтіруі мүмкін қатерлерді барынша қысқа режімде анықтай білу қажеттігін де атап өтті. Уақыт әлеуметтік қарым-қатынастарға бейімделуді және оларды қарқынды түрде виртуалдандыруды талап етеді. «Араб көктемі» сияқты және басқа да теріс әсер ететін трендтер бүкіл әлемге тез таралу және санаулы сағаттарда ахуалды тұрақсыздандыру  мүмкіндігіне ие. Сол себепті Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында «қауіпсіздік жай-күйі күшті және әрекетке қабілетті мемлекеттің  өлшемі» болып табылатынына тағы да баса назар аударып өтті. Біздің еліміздің тап болуы мүмкін жаңа жаһандық қатерлердің арасында Президент кибертехнологияға ерекше тоқ­талды және «Қазақстанның кибер қалқаны» жүйесін құру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Биылғы жылғы 11 шілдедегі Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы да осы тақырыпқа арналды. Мұнда Мемлекет басшысы елдегі және әлемдегі террористік топтардың құрылымды бұзатын қызметінің салдарларына назар аударды, оларға қарсы тиімді жұмыс істеу керектігін атап өтті. Бұл Мемлекет басшысының ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ау­қымды тапсырмалары мен нұс­қау­ларының бір бөлігі ғана деуге болады.

Президентіміз барлық игі қа­сиеттерді бойына жинақтаған, әлемдік деңгейде танылған Көш­басшы, қазіргі заманның көрнек­ті саясаткері. Көп жағдайда оның реформаторлық қарым-қабі­ле­тінің және халықаралық баста­ма­ларының арқасында бүкіл әлем Қазақстанды танып білді, мойындады. Елбасымыз халықтар бірлігінің, мемлекеттік биліктің және негізі берік Конституцияның символы және кепілі болып табылады.

Мұхтар АЛТЫНБАЕВ,
армия генералы, 
Халық қаһарманы