Қазақстан • 02 Сәуір, 2018

Бектас Бекназаров: Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды шарты

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды шарты, осыған байланысты Мемлекет басшысы құрылыс саласын жаңғыртуға және тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жағдайын жақсартуға баса назар аударып отыр. Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Қостанай облысындағы құрылыс саласын дамытудың келешегін талқылау барысында осылай деді.

Бектас Бекназаров: Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды шарты

Сенат Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров, Сенат депутаттары Серік Бектұрғанов және Жеңіс Нұрғалиев облыс орталығындағы құрылыс алаңдарда болды. Сенаторлар жаңа шағын ауданда болып, «Нұрлы Жер» бағдарламасын іске асуы барысымен танысты және құрылыс мекемелерінің басшыларымен кездесуде Президент Н.Ә. Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Сала өкілдері құрылыс компанияларын ірі бизнес нысандарына жатқызу мүмкіндігі, сондай-ақ аймақтағы тұрғын үй бағдарламасын іске асыру жоспарлары туралы бірқатар мәселелерді депутаттардың алдына қойды.

Аймаққа сапар аясында депутаттар облыстық соттың жаңа ғимаратының құрылысында, мешітте және күштік спорт түрлері академиясында болды.

1 сәуірде Сенат Төрағасының орынбасары Б. Бекназаров пен сенаторлар С. Бектұрғанов және Ж. Нұрғалиев Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовпен кездесті. Әңгіме барысында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы және Президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыру жоспарлары талқыланды.