Овари ойынының (африкалық ұлттық ойын) қыздар командасы алтынды иеленсе, Әсел Далиева жекелей есепте де алтын медаль алды.
Айта кетейік, бұл Әселдің осы жарыстағы төртінші алтын медалі. Бұған дейін ол мангала, тоғызқұмалақтан жоғары дәрежелі медальді еншілеген болатын. Диана Кенина болса, қола медаль алды.
Қорытындысында, ел құрамасы 72 медальмен екінші орынға жайғасты. Біздің қоржында 18 –алтын, 24-күміс, 30 қола медаль бар. Бірінші орын жарыс қожайындары Қырғызстан құрамасында 103 медаль (40-алтын, 32-күміс, 31-қола). 56 медальмен үшінші орынға Ресей Федерациясы орналасты (17-алтын, 24-күміс, 27-қола).
Айта кетейік, III Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары 2 - 8 қыркүйек аралығында Чолпон-Ата қаласында өтті. Ойындарға әлемнің 80 елінен 3000 астам спортшы келді. Олар спорттың 37 түрі бойынша сынға түсті. Қазақстан құрамасы спорттың 32 түрі бойынша бақ сынады. Құрама сапында 135 спортшы. Келесі Көшпенділер ойындарының кезегі Түркия мемлекетіне табысталды. Жарыс 2020 жылы өтеді.