29 Қыркүйек, 2012

Тұмау – қауіпті дерт

2806 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Тұмау – қауіпті дерт

Сенбі, 29 қыркүйек 2012 7:50

Жаз, күз өтіп, қыс лебі сезіле бастаған кезде тұмау­ратушы­лар­дың көбейіп кететіні ежелден белгілі. Сондықтан одан сақтана білген жөн. Тұмау – бұл жіті респираторлық вирустық инфекциялар (бұдан әрі – ЖРВИ) тобына кіретін тұмау вирусы тудыратын жіті ауру. Қазақстанда жыл сайын эпидемиологиялық кезеңде ЖРВИ-мен және тұмау­мен 800 мыңнан 1 миллионға дейін адам ауырады.

Сенбі, 29 қыркүйек 2012 7:50

Жаз, күз өтіп, қыс лебі сезіле бастаған кезде тұмау­ратушы­лар­дың көбейіп кететіні ежелден белгілі. Сондықтан одан сақтана білген жөн. Тұмау – бұл жіті респираторлық вирустық инфекциялар (бұдан әрі – ЖРВИ) тобына кіретін тұмау вирусы тудыратын жіті ауру. Қазақстанда жыл сайын эпидемиологиялық кезеңде ЖРВИ-мен және тұмау­мен 800 мыңнан 1 миллионға дейін адам ауырады.

Тұмаумен ауыратындардың саны артқан сайын, тұмаудың ас­қынуы да өршиді, бұл – заң­дылық. Бұдан кейін вирус еш­қайда кет­пейді. Сырқаттану­шы­лықтың мау­сымдық артуының себебі бола отырып, адамдар ара­сындағы циркуляциясы жалғаса береді.
Тұмау вирусы барлық елдерде және құрлықтарда таралған. Қыс­қы айлардағы сырқаттану­шы­лық шегі адамдардың, әсіресе бала­лар­­дың, жұмыс орындарында, мек­­­тептерде, балабақша­лар­да жә­не қоғамдық көлікте тығыз байланыста және өте белсенді болуымен түсіндіріледі.
Тұмау вирусы ауадағы бел­сенділігін төрт сағатқа дейін сақ­тайды. Вирустар төмен температураны «жақсы көреді» – плюс 4°С-ге жуық температура (тұр­мыстық тоңазытқыштағы жағ­дай) оңтайлы болып табылады. «Жақ­сы көреді» деп айту себе­бім, тек осы температура кезінде вирус ұзақ сақталады. Осымен қатар, олардың көбюіне ыңғайлы температура – бұл адам денесінің температурасы.
Сілекей мен қақырық тамшыларында болатын тұмау вирусы, осы тамшылар төсек-орында, жұ­мыс үстелінде, т.б. кепкен соң жә­не оларға сіңгеннен кейін белсен­ділігін екі аптаға жуық, ал бөлме шаңында бес аптаға дейін сақ­тайды!
Барлық дезинфекциялаушы құралдар тұмау вирусын тез жояды және осы құралдарды қол­данып, стандартты ылғалды тазалау – үй-жайларды зарарсыздан­ды­рудың тиімді тәсілі. Бөлме­лерді жиі желдетіп тұруды да ұмытпаған жөн.
Жоғарғы тыныс жолдарына түскен кезде вирус жасушалар­дың қабықшаларын зақымдап, оның ішіне кіреді. Жасушалар­дың ішінде вирус тез көбейеді. Жұқтырылғаннан кейін алғашқы тәуліктердің аяғына қарай бір вирус ондаған триллионнан аса вирустық бөлшекті түзеді. Кө­бейген вирустар жоғарғы тыныс алу жолдарынан шыққаннан ке­йін жасушалар бұзылады. Тұ­маудың алғашқы симптомдары – мұрынның бітелуі және тамақ­тың жыбырлауы осыған байланысты.
Жасушалардан шыққаннан ке­йін кейбір вирустар қанға өтеді және қанмен бірге ары қарай бүкіл организмге таралады. Және де қан тамырларын және ішкі органдарды зақымдайды. Қан та­мыр­ларының өте анық байқала­тын өзгерістері өкпеде және мида байқалады.
Тұмау вирусы адам ағзасы­ның иммунитетін төмендетеді. Инку­бациялық кезең бірнеше сағаттан бастап 2-3 күнге дейін созылады. Тұмаудың жеңіл түрі­мен ауыру ұзақтығы – бір апта. Дене қы­зуының 40 градусқа де­йін кө­терілуі, қалтырау, әлсіздік, көз қарығу, буынның және бұл­шық еттің, бастың және тамақ­тың ауыруы, жөтелу, мұрынның бітелуі аурудың негізгі белгілері болып табылады. Тұмаудың ас­қыну­ларына құлақ, тамақ, мұрын аурулары, жүйке жүйесіне байланыс­ты асқынулар, сондай-ақ созылмалы аурулардың: жүрек-қан-тамырлық, өкпе, бронх тарапынан, қант диабеті және эндо­криндік жүйенің басқа да ауру­ларының өршуі жатады.
2 жасқа дейінгі балаларда, созылмалы аурулары бар және жасы үлкен адамдарда тұмау ауыр түрде өтеді. Сондай-ақ, ерекше қауіптілік тобына жүкті әйелдер де жатады. ЖРВИ және тұмау жүкті әйелдердің иммунды жү­йесін де, эндокриндік жүйесін де бұзуы мүмкін. Мұндай жағдайда жүкті әйелдерде әлсіздік пайда болып, ұйқысы бұзылады және созылмалы аурулары өршиді. Әдет­те жүкті әйелдер тұмауға шалдыққан кезде балаға қанның жүруі күрт азаяды, осыған сәйкес бала жолдасы арқылы ұрық организміне оттек аз беріледі. Жүкті әйелдердің тұмаумен ауыруы жүктіліктің 12-аптасына де­йін, яғни ұрықтың органдары мен тіндері қалыптасатын кезде өте қауіпті. Тұмаудың жүкті әйел­дерге қауіптілігі – түсік тастауы немесе мерзімінен бұрын босанып қалуында. Сонымен қатар, шала туудың жиіленуін көрсете­тін нақты мәліметтер бар.
Өкінішке қарай, жағдайы на­шар­лаған дер кезінде емдеу мекемесіне келмеген науқастарға қалыпты жағдайда жиі қолда­ны­латын жекелеген препараттар кө­мектеспеуі де мүмкін. Сондықтан өз бетінше емделуге болмайды. Балалар мен жүкті әйелдерді емдеу тек дәрігердің тағайындауы бойынша және дәрігердің бақы­лауымен жүргізілуі керек. Тұмау­дың алғашқы белгілері байқалы­сымен дәрігерді үйге шақыру жөн.
Кез келген ауруды емдегеннен гөрі, оның алдын алған дұрыс. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) сырқатта­нушы­лық­ты, асқынуларды және өлім-жітімді айтарлықтай азайтатын, халықты тұмаудан қорғайтын жал­ғыз және тиімді іс-шара ре­тінде тұмауға қарсы вакцинациялауды ұсынды. Тұмауға қарсы вакцинациялау еңбекке жарам­сыз­дық қа­ғазы бойынша төле­нетін төлем­дерді және өндірістік шығын­дарды (ішкі жалпы өнім – ІЖӨ), тұмауды және ЖРВИ-ді, сондай-ақ олардың асқынуларын емдеуге кететін шығындарды 2 есе қыс­қартатыны дәлелденді. Шетелдік және отандық автор­лардың (Исмагулов А.Т., Каральник Б.В.) мәліметтері бойынша, ұжымдарда тұмауға қарсы қыз­меткерлердің жартысынан көбін егумен қам­тыған кезде тұмаумен сырқат­танушылық 5 есеге дейін тө­мен­дейді; қысқы кезеңде жастары ұлғайған қарт адамдар арасында пневмония, миокард инфаркты және инсульт жиілігі 3 есеге дейін төмендейді. Тұмауға қарсы егіл­гендерде инфекция жеңіл өтеді, асқынулар мен өлім-жітім жиілігі азаяды. Сонымен, егілген пациент­тер арасында егілмегендермен са­лыстырғанда, бронхиальды астмамен, жіті орташа отитпен ауру 3 есеге дейін сирек байқалды.
Қазақстанда жыл сайын тұ­мауға қарсы егілушілер саны өсіп отыр, 2011 жылы тұмаудың эпид­кезеңі алдында 1,2 млн.-ға дейін халық егілді. Егілгендер арасында вакцинадан кейінгі асқынулар байқалмады.
Ағымдағы жылы елімізде тұ­мауға қарсы 2012 жылғы 1 қазан айынан жаппай вакцинация бас­талады. Қазіргі уақытта облыс­тардың және Астана мен Алматы қалаларының аумақтық әкімдігі жергілікті бюджет қаражатынан 549,8 млн. теңгеге қауіптілік тобындағы адамдарға маусымдық тұмауға қарсы 800 мыңға жуық вакцина сатып алынды. Вакци­налардың ДДҰ сертификаты бар және Қазақстанда тіркелген.
Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі аналар мен сәбилердің денсаулықтарын сақтауға көп көңіл бөлуде. Елбасы 2010 жылғы Жолдауында алдағы он жылдықта атқарылар нақты міндеттерді көрсетті. «Саламатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты – міне, осылар денсаулық сақтау сала­сын­дағы және халықтың күнде­лікті тұр­мысындағы мемлекеттік саясат­тың ең басты мәселесі болуы тиіс», – деді Мемлекет басшысы. Қазіргі уақытта халықтың күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға (2015 жылға қарай – 70 жасқа дейін), ана мен нәресте өлім-жітімін төмендетуге жету жолымен денсаулық жағда­йын жақсартудың басым страте­гиялық бағыттары белгіленді. Осы мақ­сатты іске асыру Қа­зақ­стан Рес­публикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №1113 Жарлығымен бекітілген Қазақ­стан Республикасының ден­сау­лық сақтау саласын дамыту­дың 2011-2015 жылдарға арнал­ған «Саламатты Қазақстан» мем­ле­кет­тік бағдарламасымен қарас­тырылды.
Осыған байланысты, Қазақ­станда ағымдағы жылдан бастап ДДҰ ұсынымына (2006 ж.) сәй­кес, жүкті әйелдер арасында екінші және үшінші триместрінде тұмауға қарсы вакцинация жүр­гізілетін болады. 2007-2011 жылдары республикада отбасылық бюджет есебінен әртүрлі мерзім­дегі 10 мыңнан аса жүкті әйел егілді, ешбіреуінде вакцинадан кейінгі реакция асқыну тіркел­меді, сондай-ақ вакцинациядан кейін ешқайсысы ауырған жоқ.
Дүние жүзінде тұмауға қарсы вакцинаның қауіпсіздігін көрсе­тетін, жүктіліктің өтуіне және ба­лаға теріс әсер етпейтін көптеген зерттеу жүргізілді. Жүктілік ке­зінде өз еркімен тұмауға қарсы егілген 2200 әйелді (Америка, 2000) бақылау нәтижесі балаларда 7 жасқа келгенге дейін еш­қандай теріс әсердің болмағанын көрсетті.
Тұмаудан сақтану үшін ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылар көбейген кезде халық көп жи­налған орындарда болмауға, сал­қын тигізіп алмауға тырысу қа­жет және ауа райына сәйкес киіну керек. Сол сияқты, таза ауада серуендер алдында немесе көшеге шығар кезде мұрныңызға оксалин майын жағып алсаңыз тұмау немесе басқа ЖРВИ вируста­ры­ның тыныс жолдарына енуі күрт төмендейді.
Жандарбек БЕКШИН,
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты.