02 Мамыр, 2012

Тұтастық пен татулық – ең ұлы құндылықтар

766 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Тұтастық пен татулық – ең ұлы құндылықтар

Сәрсенбі, 2 мамыр 2012 8:03

Ұлттық мереке-мей­рам­дары­мыздың да қайта түлеген­дігіне қанағат сезімімен қараумен бірге, “Көне рәсім” ретінде бірқатар елдер мереке тізімінен алып тастаған 1 Мамыр мерекесін бірнеше жылдан бері қазақстандық ағайындар өз ішіндегі ұлтаралық татулық пен достық, бауырластық, ынтымақ мерекесі ретінде салтанатты түрде тойлайтын болғандығы осы ел мемлекеті мен басшыларының сындарлы саясатының және бір оңтайлы жағы деп білемін. Дәлірек айтқанда, Қазақ­стан­ның бір елде өмір сүретін көп ұлт өкілдерінің мәдениетін, өнерін, тілін, дінін, дәстүрін дамытуға әділ қарау саясаты көп­теген елдерге үлгі-өнеге болары анық.

 

Сәрсенбі, 2 мамыр 2012 8:03

Ұлттық мереке-мей­рам­дары­мыздың да қайта түлеген­дігіне қанағат сезімімен қараумен бірге, “Көне рәсім” ретінде бірқатар елдер мереке тізімінен алып тастаған 1 Мамыр мерекесін бірнеше жылдан бері қазақстандық ағайындар өз ішіндегі ұлтаралық татулық пен достық, бауырластық, ынтымақ мерекесі ретінде салтанатты түрде тойлайтын болғандығы осы ел мемлекеті мен басшыларының сындарлы саясатының және бір оңтайлы жағы деп білемін. Дәлірек айтқанда, Қазақ­стан­ның бір елде өмір сүретін көп ұлт өкілдерінің мәдениетін, өнерін, тілін, дінін, дәстүрін дамытуға әділ қарау саясаты көп­теген елдерге үлгі-өнеге болары анық.

Ал 1 Мамыр кү­ніне келсек, ол Қа­зақстанда ұлттық, діни ала­лы­ғы жоқ, барлық ұлт өкілдері сол күні жаппай ор­тақ, қуа­нышқа бөле­ніп, бір-біріне кір­бің­мен емес, шат күл­кімен қа­райтын ынтымақ тойына ай­налғанын көріп, біліп отыр­мыз. Бұл күні қазақтар ғана қау­қылдасып, көрісіп, құшақ­тасып аман­дас­пайды, барлық ұлттар жүздесіп, дидарласып, бірігіп мәз-мейрам той жа­сай­ды. Бірімен-бірі тең саналып, бірін-бірі сыйлап, құрметтеп, бұрын бір көрген болса, енді білісіп, біліскен болса, танысып, тамырла­сып, дос­та­сып мәре-сәре бола­ды. Қандай жара­сым­дылық.

Алла сақтасын, қайсыбір елдерде бұл күні ынтымақ мерекесін атап өткенді былай қой­ып, ұлтымен, дінімен, тіпті бір діннің ішінде бірнеше ағымға бөлініп, жақ-жақ бо­лып жан­жал­дасып, қырқысып жатқа­ны­на қарап, «тізгінді тең ұс­тап» дұрыс сая­сат жүргізе ал­маған, өзінің сы­ңар­жақтығына халқы­ның мүддесін құр­бан еткен мемлекетіне, көшбасшы­ла­ры­на налып, ренжисің. Бір от­басындағы балалар да бітім-жа­ратылысы, мі­нез-құлқы, ақыл-ойы, бойы жа­ғы­нан да әр түрлі болады емес пе. Бірақ, жаман болсын, жақсы болсын, «іштен шыққан шұбар жылан» деп ата-анасы солардың бәрін бірдей көреді, бәріне бірдей жаны ашып, қайырым, қам­қорлық жа­сағысы келеді. Өйт­пейін­ше, артық көретін баласы еркелеп, емексіп кетуі мүмкін де, сәл төменшіктеу санаған ба­ла­сы жатбауыр болып, тіпті артық көрілетін туысқанымен өш­те­сіп, жауласып кетуі де ық­ти­мал. «Іштей қанша жек көрсең де өз бауыр етің – балаң емес пе, қуанып қалсын, басынан сипай сал», деп қазақтың қария­лары ақыл айтатын.

Бір отанның ішіндегі ұлттар да сол бір отбасындағы балалардай. Мемлекет пен үкімет, оның басшылары сол ұлттар үшін біреуі әке, екіншісі шеше деген сөз. Оның қайырым­ды­лы­ғы, қа­талдығы да бәріне ор­тақ, тең бол­са, ел іші іріп, ұлт­аралық араз­дық туындамайтын­дығын Қазақстанның жиырма жылдық тарихи тәжірибелері дәлелдеп берді. Жоғарыдағы бейнемен айтсақ, бір елдің ішіндегі әр ұлт бір отба­сын­дағы көп бала деген сөз. Ол балалар бір-бірін жақын тартып, ересегі кішіректеріне жан­ашыр­лық, қайырымдылық жасап, арқадан қағып мерейін өсіріп, кішілері ағаларын құр­мет­теп, қолқанаты болып, қол­қабыс жасап, «хан көтеріп» өз­ара сый­ластықта болса, отба­сы­ның ырыс-берекесі кемелденіп, ол шаңырақтағы адамдар да рахатта тұрып, бақытқа кенелетіні секілді, бір отандағы сый­лас­тықты ардақ тұтқан көп ұлт ха­лықтарының шырқы бұзыл­май, күн сайын құт-береке ұйысып, елі өркендеп, оның халық­ара­лық беделі арта береді екен. Бұл да Қазақстанның ғиб­рат, тағы­лымы.

Ұлттық бірлікке зәредей бол­са да нұқсан келтіретін жәйт­­тер, әсіресе, адам бала­сының «жанды жері» – дін, тіл, ұлттық салт-дәстүр тұр­ғы­сында жатсыну, кемсіту, келемеждеу әрекеті байқалса, ол төңіректен береке кететінін аңғарып жүрміз. Осы жағ­дай­дан ақылы бар әрбір адамның абай болғаны лазым.

Бұл тұрғыда әділ заң бол­ғаны, заң­ға қайшы көрі­ніс­терге әр­дайым тойтарыс беріліп отыр­ғаны абзал. Тәртіп, иман, инабат, қуаныш, шат­тық бар жерге құт-береке үйіріледі. Міне, мына бүгінгі бақыт – солар­дың шара­па­тымен қолға келіп қонған бақыт. Мен өз басым тұрып жатқан Астана қала­сының бір шеті Қараөткел ауылы осы бақ пен бақыттың куәсі. Қараөткел тұрғындары өзін де, өзгені де сыйлаумен бірге, өзара өте-мөте тату тұ­рады. Сондығынан болар, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шы­ғарып күшін біріктірген тұрғындары үрейсіз, бола­ша­ғына нық сеніммен қарап алға басып келеді. Халқыңның үрейсіз, алаңсыз өсіп-өніп келе жатқанына шүкіршілік етесің.

Үзбен ҚҰРМАНБАЙ.

Астана.