Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің жанында «Абайтану және ұлттық руханият» атты ғылыми - зерттеу орталығы құрылған. Оған абайтанушы, филалогия ғылымдарының докторы А.Ш.Пангереев жетекшілік жасайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты ғылыми- танымдық сипаттағы сүбелі мақаласы газетімізге жарияланғаннан кейін орталық қызметі жаңаша бір арнаға бет бұра бастағаны байқалады. Осыған орай, орталық жетекшісіне бірер сауал қойған едік.

-Абат Шамұлы, республикадағы өңірлік университеттер арасында Абайтану мен ұлттық руханияттың өзара байланысын және қарым- қатынасын зерделейтін арнайы орталықтың баламасы сирек кездесетінін шамалап отырмыз. Бұл қашан құрылып еді, оның ашылуына түрткі болған жағдайлар қандай?
-Аталған орталық өткен 2019 жылдың қыркүйек айында университет ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы Бауыржан Ердембековтың бастамасына сәйккес құрылды. Осы арада сәл шегіініс жасасам, сонау 1994 жылы сол кездегі жоғарғы оқу орнының ректоры, марқұм Мұхтар Арын Абайдың кабинет – мұражайын жасақтауға тікелей өзі мұрындық болғаны есіме түсіп отыр.
Бұл кезде Абай мұраларын жүректерге жеткізу ісінде әжептауір іс тындырылғаны да ұмытыла қойған жоқ. Әйтсе де кейін Мұхаң атқарып жүрген қызметінен кетіп, өмірден өткеннен кейін кабинет- мұражайдың қызметі қожырап кеткені де жасырын емес. Дегенмен былтыр сол іс біраз жыл өткен соң қайтадан жалғасын тауып, әрі өз арнасын әжептауір кеңейтіп, абайтану мәселесіне арналған орталықтың ашылуы осы олқылықтың орнын артығымен толтырды деуге болады.
-Орталық мамандары республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласымен танысқаннан кейін қандай ой-тұжырымдар мен пікірлерге ойысып отыр?
-Ашығын айтқанда Мемлекет басшысының осынау мәнді де мағыналы, тәлімі мен тағылы мол еңбегі еліміздің рухани өміріне үлкен серпіліс пен өзгеріс әкелді деуге әбден болады. Біз Абайды бұған дейін айтпадық емес, аиттық. Оқытпадық емес, оқыттық. Алайда біздің бұл дәрістеріміздің ауқымы мен аудиториясы тым тар болғанын еріксіз мойындауымызға тура келеді. Әрі бұл лекциялардың басты өзегі сол айтылған жерінде қалып қойды десек шындықтан алшақ кете қоймаспын. Бір сөзбен айтқанда мұның бәрі тым алысқа жеткен жоқ, тым тереңге сіңген жоқ. Яғни Абай тек пән ретінде ғана оқытылды.
Республика Президентінің Абай туралы кең тыныс пен толғанысқа құрылған мақала жазуы, әрі оны барша қазақстандықтардың оқып танысуы ұлттың ұлы тұлғасына қатысты алғанда бұрын –соңды болып көрмеген орасан зор аудитория. Бұл еліміздің рухани қазынасын толықтыра түскен баға жетпес дүние. Абайға мемлекеттік тұрғыдан маңыз берілуі керектігі байқалып, сезіліп жүруші еді. Сондай уақыт пен кез келгендігі де анық аңғарылып қалатын. Президент мақаласынан кейін сол күпті көңіл орнына түскендей күй кештік.
Менің ойымша бұл мақаланы жазуға Мемлекет басшысы терең әрі жан- жақты әзірліктермен келген сияқты. Бұған кем дегенде екі-үш жылдан бері қам жасағаны анық байқалады. Абайды айту үшін бірінші кезекте оны тану керек. Абайды тану – асыл парыз. Дананы тек танып қою жеткіліксіз, содан соң оны таныту керек. Қасым-Жомарт Кемелұлы мақаласының бір артықшылығы мен ұтқырлығы дәл осы арадан көрінеді.
Былтыр Абай өлеңдерінен үзінділер оқу эстафетасы болғаны белгілі. Яғни мұнын өзі «Челлендж» деп аталады. Ең алдымен өлеңді мектептің қаршадай бір оқушысы оқып Президентке жолдаған екен. Өз кезегінде Президент Ғылым және білім министрлігіне бұған байланысты тиісті тапсырма берді. Сүйтіп, бүкіл ел болып Абайды тани бастадық. Қазір ойлап қарасаңыз сол эстафета Абайдың биылғы 175 жылдығы қарсаңында жасалған алғашқы әзірлік шарасындай көрінеді.
Дұрыс айтасыз. Абай тойына әзірлік демекші. Бұған қатысты өзіңіз қызмет атқаратын жоғарғы оқу орнында қандай іс-шаралар шоғыры белгіленген?
-Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Абайдың 175 жылдығына арналған әзірліктер былтыр басталып кеткенін сеніммен айта аламын. Айталық өткен жылы «Жұбановтан Абайға дейін» деген ғылыми –танымдық экспедиция осы мақсатта ұйымдастырылды. Бұған байланысты бастауын Ақтөбеден алаған экспедиция мүшелері аттын басын Павлодарға бұдан әрі Семей мен Жидебайға қарай бұрған болатын. Осы сапарда экспедиция құрамы Жидебайдағы Абай мен Шәкәрім кесенелеріне тағзым етіп, тұрған үйлерін өз көздерімен көріп, саналарына сіңіріп оралды.
Мұндай тағылымды іс-шаралардан өткен жылы мол материалдар, соның ішінде фото және бейнежазбалар жасақталды. Биыл солардың бәрінің басын қосып, етек – женін жинақтап біртұтас дүниеге айналдырып, содан деректі фильм шығару жөнінде ортақ ұйғарымға келген едік. Қазіргі күні бұл жұмыстар бел ортаға таялып келеді. Нақтырақ айтқанда деректі дүниенің сценариі әзірленіп, техникалық жұмыстары қолға алынды. Көп кешікпей фильмнің тұсаукесері де өткізілмек.
Абай мұрасы – халық ұлағаты. Бұған қоса таяуда біздің абайтану орталығы мен С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ұжымы ұлы Абайдың 175 жылдығына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласын тағы бір ой таразысынан өткізу үшін дөңгелек үстел ұйымдастыруға ұйытқы болды. Оған қатысқан жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен мектеп мұғалімдері, абайтанушылар мен мәдениет саласының қайраткерлері өз тұжырымдары мен ой пікірлерін ортаға салды.
Түйіп айтқанда өңірде Абай тойына қатысты шаралар шоғыры одан әрі жалғаса бермек.
Әңгімеңізге рахмет!
«Бәйтерек» кешенінің құрылысы кейінге шегерілді
Қоғам • Бүгін, 15:08
Шекара қызметінің офицерлік құрамы 200 лейтенантпен толықты
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Елордада қала күні қалай тойланады
Елорда • Бүгін, 14:50
Тарбағатай тұрғынынан 700 келіден астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Биыл 7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасқан
Қоғам • Бүгін, 14:35
Өскеменде танысының 2 млн теңгесін жымқырған алаяқ ұсталды
Қоғам • Бүгін, 14:23
Іле Алатауының сел жүру қаупі бар аймақтарына бөгет салынады
Аймақтар • Бүгін, 14:06
Қаржы пирамидаларын басқарғандарға жаза күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 13:50
Алматыда жаңа туған сәбилерді сайт арқылы саудалаған
Қоғам • Бүгін, 13:37
Ақпараттық қауіпсіздікті дамытуға қатысты заң қабылданды
Қазақстан • Бүгін, 13:25
Сенат төрағасы сессия жұмысын қорытындылады
Үкімет • Бүгін, 13:13
Қарағандыда халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды
Оқиға • Бүгін, 13:00
Атырауда «Жайық Жарығы» ЖШС директоры сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:51
Өскеменде балалардың үстіне аялдама құлады
Аймақтар • Бүгін, 12:40
Ресми хабар таратудың жаңа форматына көшу керек – Смайылов
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Шавкат Рахманов UFC рейтингінде үздік ондыққа кірді
Спорт • Бүгін, 12:28
ШҚО-да көліктік бақылау инспекциясының 7 қызметкері ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 12:19
Үкімет зейнет жасын төмендету мәселесін талқылаған жоқ – Вице-Премьер
Қоғам • Бүгін, 12:10
Көкшетауда полиция облыстық соттың ғимаратын қоршауға алды
Аймақтар • Бүгін, 12:02
Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді
Қоғам • Бүгін, 12:01
Мүгедектігі бар 7 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты
Қоғам • Бүгін, 11:53
Қаржы министрі қанша жалақы алатынын айтты
Қазақстан • Бүгін, 11:43
ҰҚК дәрілік заттардың контрабандасының жолын кесті
Қоғам • Бүгін, 11:38
Техаста қараусыз қалған жүк көлігінен 46 адамның мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 11:22
Мемлекеттік қызметтер мобильді қосымша арқылы жиі алынады
Қоғам • Бүгін, 11:08
Семейде 3 жасар бала алтыншы қабаттан құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:00
Үкімет жұмысына жұртшылық пен БАҚ сынының себептері аталды
Қазақстан • Бүгін, 10:52
Есеп комитетінің мүшесі қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Әлихан Смайылов БАҚ өкілдерін құттықтады
Үкімет • Бүгін, 10:39
БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 10:35
Еркеш Мәукен Жоғарғы соттың судьясы болып сайланды
Тағайындау • Бүгін, 10:27
Өткен тәулікте 61 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:15
Қазақстанда 5 мыңнан астам БАҚ тіркелген
Қоғам • Бүгін, 09:55
Мұнай бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 09:38
Маймыл шешегі 50 елде анықталды - ДДҰ
Әлем • Бүгін, 09:25
Александр Бублик Уимблдон турнирін сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 09:18
Неапольда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Бүгін, 09:05
Халықаралық стартап байқауында үздік шықты
Аймақтар • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:38
Спорт • Бүгін, 08:37
Ұқсас жаңалықтар