13 Сәуір, 2010

“ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ КАРТАСЫ” ПЫСЫҚТАЛУДА

811 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен селекторлық кеңес болып өтті. Онда “Индустрияландыру картасына” енген нысандар талқыланып, сондай-ақ Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы жағдайлар баяндалды. Алдымен Премьер-Министр өзінің бірінші орынбасары Өмір­зақ Шөкеевке Жамбыл об­лы­сы­на барып, Қырғыз елімен шека­ра­лас аймақтардағы жағ­дай­ды бі­ліп қайтуды тапсырды. Шекараға байланысты сұрақ­тар­ды нақты­лап, қырғыз жерін­дегі соңғы жағ­дайлар орын алмас бұрын бастаған істерімізді аяқтауды жеделдету керектігін айтты. Өз кезегінде Жамбыл об­лысының әкімі Қанат Бозым­баев шекара тыныш екендігін алға тартты. Бізде бұған бай­ла­нысты мәселе жоқ, шекара қыз­меті өз қыз­мет­терін қырағы­лық­пен атқаруда. Менің бас­шы­лығыммен облыс­тық штаб құрылып, ол бүгінгі күні жұмыс жасауда. Екі елдің ше­карадағы жағдайы тұрақты. Біз Қыр­ғызстандағы жағдайды зер сала бақылап отырмыз, деді ол. Мұнан кейін сөз алған Ин­дус­трия және жаңа технология­лар вице-министрі Берік Кама­лиев “Индустрияландыру кар­та­сы” шеңберінде қолға алынып отыр­ған 144 инвестициялық жо­баның жүзеге асырылуы ту­ралы баяндап берді. Карта шең­берінде игерілген қаржының көлемі 583 млрд. теңгені құ­рай­ды. Бұл — бө­лінген қаржының 69 пайызы. Биыл “Индустрия­лан­дыру карта­сына” жалпы құны 836 млрд. теңгені құрай­тын 144 инно­ва­ция­лық жоба енгізілген. Бүгінгі күні оның 69 пайызы игерілді. Ал­ғаш­қы жартыжылдықта, 1 шіл­де­ге дейін 396 млрд. теңгені құ­рай­тын 72 инвестициялық жоба­ны іске асыру жоспарланып отыр. Б.Ка­малиев “Индустрия­ландыру кар­тасына” енгізілген жобалардың дайындығы жөні­нен Павлодар, Маңғыстау, Ақ­мо­­ла облыстары алда келе жат­­қандығын атап өтті. Пав­ло­дар облысы бойынша кар­та­ға енген нысандар дайындығы – 97,5 пайыз, Маңғыстау облы­сында – 96 пайыз болса, Ақмо­ла облысындағы ол 90,2 пайызды құрайды. Қарағанды облысында авто­зауыт салу жобасы жоспар­ла­нуда. Оны ресейлік “Сойлерс” ком­па­ниясы жүзеге асырмақ. “Құжат­тама рәсімін толық өтуі­міз қажет. Негізгі сұрақтар тал­қы­ланып, шешілген. Менің ой­ымша, бұл жо­ба жүзеге асады. Алдымен зауыт­ты Астанада тұр­ғызуды қолайлаған едік. Бірақ жерге байланысты мәселе туын­дады. Өйткені, зауыт салу үшін кемінде 100 гектар жер керек бол­ды. Енді Қарағандыны қа­рас­тырып отыр­ған жағдайымыз бар”, деген Ин­дустрия және жаңа техноло­гия­лар вице-ми­нистрі Берік Кама­лиев Қазақ­стан тарабы бірқатар мәселе­лер­ді шешу үшін сараптау то­бын күтіп отырғандығын айт­ты. Премьер-Министр Кәрім Мә­сімовтің жоспарланған ав­то­­кө­лік зауытында мәшиненің қан­дай брендін шығармақ­сыз­дар де­ген сұрағына Индустрия және жаңа технологиялар ми­нистрі Әсет Исекешев жа­пон­дық “Судзуки” автокөлігін шы­ғаруға тоқтадық, деп жауап берді. Мұнай және газ вице-ми­нистрі Әсет Мағауов картаға енген Аты­рау­дағы мұнай-химиялық кешен құрылысының басталуы 2011 жыл­дың ақпа­нына белгіленіп отыр­ған­дығын хабарлады. Үстіміздегі жыл­дың шілдесінде негізгі кешен бой­ынша жобалық-сметалық құ­жат­тар­ды жасақтау басталады, ал жел­тоқ­санда сараптама аяқ­талады. Одан соң ақпан айында кешен құрылысы басталмақ. Қаржылық жағдай тұ­рақты болғандықтан әзірше еш­қан­дай мәселе туындап отырған жоқ. Сондықтан белгіленген уақыт ішін­де жұмысымызды абырой­лы аяқ­тай­мыз деген ойдамын, деді ол. Жоба екіге бөлініп жү­зеге асы­ры­ла­ды. Оның ал­ғашқысы полипро­пи­ленді желі болса, екіншісі поли­этиленді желі. Жобаға 20-дан астам шетелдік мамандар тартылып отыр­ған көрінеді. “Бейнеу-Шымкент” газ құбырының жобасы да осы жылдың шілде айында басталмақ. Еліміздің оңтүстік өңірлерін газбен қам­тамасыз ететін әлеуметтік ма­ңы­зы жоғары бұл жобаның ал­ғаш­қы кезегі салына бастамақ. Мұнай және газ вице-министрі Әсет Ма­ғауовтың айтуынша, 5 млрд. текше метрді өткізе ала­тын мүмкіндігі бар “Бейнеу-Шымкент” газ құбы­ры­ның ал­ғашқы кезеңі 2010-2013 жыл­дар арасында салынып бітсе, екінші кезеңінің толықтай салынуы 6 жылды қамтиды екен. Селекторлық кеңес ба­рысында тікелей байланысқа шыққан облыс әкімдері сөз алып, облыстардағы жағ­дайлар жөнінде хабарлады. Мысалы, Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов Қызылағаш ауы­лын­дағы қалыпқа келтіру жұмыс­та­рына Үкіметтен 4,7 млрд. теңге бөлу жөнінде өтінішін білдірді. “Бү­гінгі күні ауылдың қар­жылық жағдайы 3,1 млрд. теңгедей. Оның 1 млрд. теңгесі қайырымдылық қо­рынан түсті. Ұлттық компаниялар бөлген қаржы 622 млн.теңге болса, облыстардан түскен көмек қаржы көлемі 870 млн.теңге, Үкіметке 599 млн. теңге тиесілі. Ал біздің шығы­нымыз 7,8 млрд. теңгеге жетті. Біз­ге әлі де қосымша 4,7 млрд.теңге ке­рек, деді Серік Үмбетов. Ауыл элек­трмен қамтамасыз етіліп, 9,7 км. су құбыры тартылған, жо­ғары вольттық желі құрылысы аяқталып, телефон жүйесі қалыпқа келген. Премьер-Министр облыс әкімінің өтініші бойынша тапсырма берілетінін айтты. Ал Шығыс Қазақстан облы­сын­дағы жағдай тұрақталып, қалыпқа тү­сіп келеді. Облыс әкімі Б.Са­пар­баев шығыстағы түнгі температура әлі де 15-20 градус салқындықты көр­сете­тінін айта келіп, қар қалың­дығы 3-4 метрге жететіндігін алға тартты. Ал бірінші вице-премьер Өмір­зақ Шөкеев түнгі салқындық­тың әзірше қолай­лылығын, бірақ ұзап кетсе күрт жылыну мүмкіндігі жоғары екендігін ескертті. Сон­дық­тан дайындық жұмыстарын қада­ғалау қажет. Бүгінгі күні об­лыс­­тағы 9 ауыл қауіпті жағдай­да тұр, осы ауылдарды қатаң бақылауға алу керек, деді ол. Венера ТҮГЕЛБАЙ.