Экономика • 17 Тамыз, 2021

Қазақстанда ұшып-қону – қауіпсіз

195 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін 84 пайызға дейін көтерді. Бұл – әлемдік орташа көрсеткіштен 15 пайызға жоғары.

Қазақстанда ұшып-қону – қауіпсіз

Елбасы бекіткен Ұлт жоспарының 68-қа­дамында азаматтық авиация саласын басқарудың жаңа моделіне көшу көзделген. Оған қол жеткізу үшін Аза­мат­тық авиация комитеті Қа­зақ­станның авиациялық әкім­­ші­лігімен тізе қосып, бір­лес­кен шараларды жүзеге асыр­ды. Бірлескен жұмыстар­дың нәтижесі Халықаралық азаматтық авиация ұйымы тарапынан жоғары бағаланды.

Дәлірек айтсақ, ICAO осы жылдың 2-11 тамызы ара­лығында ұшу қауіпсіздігі бо­йынша тексеру жүргізді. Оның алдын ала белгілі болған қорытындыларына сәйкес, Қазақстанның ICAO стандарттарына сәйкес келеті­ні нақ­тыланып қоймай, ұшу қауіп­­сіздігін қамтамасыз ету дең­гейін 84 пайызға дейін көтерді.

Атап айтқанда, келесідей бағыттар айтарлықтай жақсы нәтиже көрсетті. Негізгі авиа­циялық заңнама (LEG) стандарты 61 пайыздан 81 пайызға дейін өсті. Азаматтық авиация ұйымы (ORG) стандар­ты 37 пайыздан 75 пайыз­ға дейін жоғарылады. Аэрона­ви­га­циялық қызмет көрсету (ANS) деңгейі 87 пайыздан 95 пайызға көтерілді. Әуеай­лақтар және жердегі қызмет көрсету (AGA) бағыты да жақ­сы өсім көрсетті – 56 пайыздан 90 пайызға жоғарылады. Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру (AIG) стандарты 47 пайыздан 53 пайызға жетті.

Осылайша, Қазақстан Еуропалық ұшу қауіпсіздігі агенттігіне (EASA) мүше елдер арасындағы ICAO стандарттарына сәйкестіктің орташа деңгейіне қол жеткізді (84 пайыз). Аталған көрсеткіш бо­йын­ша Қазақстан Еуро­паның көптеген елінен жоға­ры тұр. Дәлірек айтсақ, біз­дің ел Нидерланд (87 пайыз), Бельгия (87 пайыз), Пор­ту­галия (87 пайыз), Чехия (87 пайыз), Латвия (86 пайыз), Дания (85 пайыз), Исландия (84 пайыз), Польша (84 па­йыз), Словения (82 пайыз), Кипр (82 пайыз) сияқты Еуропа мемлекеттерімен бір деңгейде орналасқан.

Халықаралық азаматтық авиация ұйымының бұл жолғы тексеруі Қазақстанның азаматтық авиация саласын басқарудағы жаңа тәсілді және ұшу қауіпсіздігін қам­тамасыз етуді бақылау кезін­де бұрын анықталған ескер­тулерді жоюын, сондай-ақ сын­нан нәтиже шығарып, жа­ңа­шылдықтарды енгізуін нақ­ты бағалауға бағытталған.

Жалпы, ICAO саланы рет­теуде айтарлықтай өзгеріс­тер болған жағдайда ғана тек­серуді бастайды. Қазақ­стан­ның Ұлт жоспарына сәйкес, ел­дегі ұшу қауіпсіздігін бақы­лау мен қадағалауды жүзеге асыру моделін трансформациялау жөніндегі бастамасы ICAO-ның штаб-пәтері мен еуропалық өңірлік кеңсесі тарапынан жоғары бағаланды.

ICAO-ға мүше мемлекет аудиторлары жүргізген тәуел­­сіз бағалау да оң нәтиже көрсет­ті. Аудиторлар Азамат­тық авиа­ция комитеті мен Қазақстан­ның авиациялық әкімшілігінің жүргізген же­місті жұмысын жоғары баға­лап, басқарудың жаңа тәсілі іске қосылған сәттен бас­тап қол жеткізілген елеулі про­гресті атап өтті.

Қазақстанда ұшу қауіп­сіздігіне қатысты айтарлықтай ескертулердің болмауы үшін­ші елдердің пайдаланушысы авторизациялағаннан ке­йін әуе компанияларына Еу­ро­палық Одақ елдеріне рейс­терді еркін орындауға мүм­кіндік береді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда отандық әуе компанияларын Еуропалық комиссияның «қара тізіміне» енгізерліктей қауіп жоқ. Сондай-ақ шетелдерге ұшуға санкциялар немесе шектеулер енгізуге де ешқандай негіз жоқ.