Руханият • 28 Ақпан, 2022

Бүгін – жыр алыбы Жамбылдың дүниеге келген күні

711 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін – өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың дүниеге келген күні. Жампоз жыр алыбының туғанына 176 жыл толып отыр.

Бүгін – жыр алыбы Жамбылдың дүниеге келген күні

Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл, шабыт тұғырына қонған Алатаудың ақ иық қырандай жыр нөсерін селдетті. Оның сөздері ұранға айналып, халық поэзиясының атасы аталды. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге, халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен өлшенеді. Назарларыңызға Жамбыл ақынның нақыл сөздерін ұсынамыз.

Ойхой, дүние – серуен,

Адам – бір көшкен керуен.

***

Ақын ғаріп емес пе, байды өтірік мақтаса,

Заман ғаріп емес пе, әділеттен аттаса.  

***

Жабы жүйрік болар ма - байлағанмен,

Жасық болат болар ма - қайрағанмен.

***

Ерден бағы жанбаған әйел ғаріп.

***

Серт адамды байлайды

Ер жігіт серттен таймайды.

***

Ел үшін туған ерлердің,

Алды-арты дария кең болар.

Жігерлі болса – ер болар.

***

Артықша туған азамат

Халыққа үлкен бел болар.

***

Кәрілік екі көзді қызартады,

Сүйектің етін сылып, ұзартады.

Еңкейсең етпетіңнен түсіргендей,

Батпандап тізе тұсқа тұз артады.

***

Жаманға ұйқы – жолдас, тамыр – тамақ,

Болмайды көңілінде басқа талап.

***

Қатарың болса құрыштай

Қаһарың болса қылыштай,

Жау қалмайды жеңілмей.