Экология • 03 Мамыр, 2023

Қоршаған орта – қоғам назарында

483 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қоқыстар мен зиянды қалдықтар қоршаған ортаны құртып барады. Әсіресе, ірі қалалардың маңы қоқыстан, ауасы түтіннен көз ашпай отыр. Бұған қатысты қордаланған түйткілдерді тиісті құзырлы мекеменің өкілдерді талқыға салды.

Қоршаған орта – қоғам назарында

Орталық коммуникация­лар қызметінде Экология және та­биғи ресурстар министр­лі­гінің өкілдері – Экологиялық рет­теу және бақылау комитеті төр­аға­сының міндетін атқарушы А.Абдуалиев, Экологиялық сая­­сат және тұрақты даму де­пар­­таментінің директоры А.Ши­ранов, Қалдықтарды бас­­қару­дағы мемлекеттік саясат депар­та­­мен­тінің директоры М.Ошур­баев қатарлы лауазым иелерінің қатысуымен болған брифингте елді толғандырып отырған эко­логиялық проблемалардың бірі – қала­лар­дағы атмосфералық ауа­ның ластануы тілге тиек етіл­­ді. Мәселен, Алматы және Ас­тана қалаларында ласта­нуы­ның­ негіз­гі үш себебі айтыл­ды. Жылу­ электр орта­лық­та­рын­дағы қазан­дықтарынан шы­ға­тын түтін, авто­көліктердің тү­­тіні және жеке сек­­­тордан бө­лі­нетін зиянды қа­лдық­­­тар. Ал Те­мір­тау, Өскемен се­­­кілді өнді­ріс­тік қалалардың лас­­­та­нуына зауыт-фабри­калардан бө­­лінетін қал­дықтар екені, Ақтөбе мен Атырау қалаларында ескір­ген кәріз-тазарту құрылыстары эко­логиялық ластанудың негізгі ошағы болып отырғаны айтылды.

Брифингке қатысқан құзыр­лы мекеме өкілдерінің айтуынша, аймақтардағы экологиялық проблемаларды шешу үшін Экология және табиғи ресурстар ми­нистр­лігі жергілікті атқарушы органдар­мен және табиғат жанашырларымен бірлесіп бір­неше талқылау өткізген, соның аясында 485 іс-шараны қамтитын Жол кар­та бойынша жұмыс жүргізіп жатқан көрі­неді. Спикерлердің сөзінше, қазір сол іс-ша­ра­лардың 33%-дан астамы (158) аяқ­­тал­ған. Мәселен, қабылданған шара­­­­лар­дың қорытындысы бойынша 2021 жылы Астанада атмосфера­лық ауаға шығарылатын қал­дықтардың көлемі 86,756 мың тонна болса, 2022 жылы 54 мың тоннаны төңіректеген, демек 30 мың тоннаға азайған.

– Экология және табиғи ре­сурстар министрлігі былтыр ірі өн­дірістік кәсіп­орын­дар­да­­ғы қал­дықтардың көлемін тө­мен­­дету бойынша қадағалау жұ­мыс­тарын бастады. Сонымен бір­ге жеке сек­торларға газ тарту жә­не жылу электр орталықтарын жаңар­ту, жақ­сарту жұмыстары жүргізіл­іп жатыр, – дейді спикерлер.

Олардың айтуынша, ғарыш­тық бақы­лау­дың (космомониторинг) көмегімен 2022 жылы 5 683 рұқсат етілмеген қоқыс төгіл­ген орын (полигон) анықталып, ­4 331-ы жойылыпты, бұл оның – 77%-ы екен. Демек, спикерлер кел­тірген сан-цифрға қарағанда, әлі де жойылмаған қоқыс полигоны табылып қалатын тәрізді. Өйткені спикерлер рұқсат етіл­меген полигондарды анықтау жұ­мыс­тары биылғы наурыз айынан бастап қайта жалғасқанын және алда нәтижелері жарияланатынын айтты.

Сонымен бірге бейберекет қоқыс тастап, заң талаптарын бұзатындар үшін салынатын айыппұл көлемін ұлғайту мә­се­лесі де назардан тыс қал­ма­ды. Мәселен, жеке тұлғалар заңсыз қоқыс тастаған жағдайда 10 АЕК-тен 50 АЕК-ке дейін айыппұл ар­қа­лауы мүмкін. Бұл дегеніңіз қазіргі мөлшермен 34 мың 500 теңгеден 172 мың 500 теңге шамасында болады екен.

Брифинг барысында спикерлер елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағыт­талған бірқатар жаңа бастамалар туралы да айтты. Айталық, Экологиялық ко­декстің қолданысқа енгізілуіне байланыс­ты жаңа реформаларға, оның ішінде ең үз­дік техноло­гиялар жөнінде және қор­шаған ортаға залал келтіргендер үшін айып­пұл төлету жұмысын кү­шей­туге назар аударды. Сонымен қа­тар Бюджет кодек­сіне өзгерістер енгізілгенін, оның 64-бабына сәй­кес, жергілікті бюджетке түсетін экотөлемдер енді қоршаған ортаны жақсартуға жұмсалатыны айтылды.