Театр
2 мин оқу 173

Дарынды жастар дебюті

<p style="text-align: justify;">Жаңа жылдың алғашқы аптасы, яғни 7, 8 және 9 қаңтарда &laquo;Астана операның&raquo; Үлкен залында елордалықтарға Тибор Кочактың музыкасына Дюла Харангозо сахналаған &laquo;Ақшақар мен жеті ергежейлі&raquo; балеті ұсынылды. Бәрімізге бала күнімізден таныс туындыда театрдың жас әртістері алғашқы дебют көрсетті.</p>

Дарынды жастар дебюті

Еске салайық, атал­ған қойы­лым театр ре­пер­туары­на «Астана опе­ра» балет труп­пасының көркемдік жетек­шісі, Ресей халық әртісі Алтынай Асыл­мұ­ратованың бас­тама­сы­мен енген. Қою­шы хореограф Дюла Ха­ран­гозоның пікірінше, бұл туынды оның бұдан бұ­рын Еуропада сахналанған спек­такльдерінің ішіндегі үздігі саналған.

Әп дегеннен қойылым кө­рермендерді керемет ханшайым мен жеті ерге­жейлінің си­­қыр­лы әлеміне жетелей жө­нелді.

«Астана опера» балет труп­пасының әртісі Айдан Қалжан жаңа жылды осы балеттегі Хан­за­даның жетекші партиясымен бастағаны өзі үшін қуаныш екенін жеткізді.

– Мұндағы Ханзада партиясы – басқа шығар­мадағы ханзадаларға қа­рағанда ерекше. Оның болмысы қарапайым, ақкөңіл. Бір жағынан, партия – хореографиялық және тех­­­никалық шешімдерімен күр­делі әрі қызықты. Жал­пы, әрбір рөлім маған ша­быт береді, жа­ныма жы­лулық сыйлайды. Негізі, табиғатым жағымсыз кейіп­керлерді ойнауға жа­­қын. Бірақ Ханзаданың пар­тиясы – мені басқа қы­рымнан танытты. Қою­шы хореограф Дюла Ха­ран­гозо классикалық би қа­ғи­дасынан алыс кетпей, оны сол күйінде сақ­тап, бұл ба­летті жаңаша көз­қараспен алып шыққан. Жаңа партия­мен сахнаға шығар алдында аздап қо­­бал­жығанымен кө­рер­мендердің ықыласын көріп, жігерлендім. Театр­дың жас әртісі ретінде ма­ған осындай жетекші рөлді ойнауға мүмкіндік бергенге қуа­нып, өзіме жүктелген мін­­­дет­ті абы­рой­мен ат­қар­дым деп ойлаймын, – деді ол.

Тағы бір талантты балет әр­тісі Жақсылық Сау­қымбеков өзі­не Аң­шының бейнесін жа­сау­ға қол­дау көрсеткен ұстаз­да­­­рының еңбегін ерекше атап өтті.

– Қойылымда Аңшы­ның партиясын ал­ғаш рет орындадым. Ак­терлік жағынан болсын, тех­никалық тұрғыдан бол­сын, бұл рөл өте қы­зықты. Ол – спек­такль­­дегі не­гізгі кейіпкердің бірі бол­ғандықтан, техниканы ой­лай отырып, актерлік ойынды ұмытуға болмайды. Сондықтан бұ­ған мен тыңғылықты дайындалдым. Гауһар Усина мен Рүс­тем Сейітбеков секілді ұстаз­дар­мен жұмыс істеп, олар ма­ған осы партияны сәтті алып шы­ғуға көп көмектесті. Әсі­ресе басты рөлдердің бірін сом­дау­ға мүмкіндік берген Ал­ты­най Асылмұратоваға ай­рық­ша алғы­сымды айтамын. Ол кісінің біз­дің талантымызды ұштауға қосқан үлесі мол, – деді дарынды жас.

Көрермендер спек­такльдегі басқа да кейіп­керлерді таби­ға­тымен ке­ліс­тіріп ойнаған со­лис­­тердерің өнеріне тәнті болды.

Бөлісу: