Мәдениет • 28 Наурыз, 2025

Дархан Қыдырәлі: Ислам каллиграфиясы – мәдени мұраны сақтау құралы

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Ұлттық академиялық кітапханасында «Құснихат: Орталық Азиядағы ислам каллиграфиясы» атты көрме өтті. Көрмені ұйымдастыруға Парламент Сенаты қолдау білдіріп, Мұсылман ақсақалдар кеңесі Орталық Азия кеңсесі ұйытқы болған деп жазады Egemen.kz.

Дархан Қыдырәлі: Ислам каллиграфиясы – мәдени мұраны сақтау құралы

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Көрме Орталық Азиядағы ислам каллиграфиясының тарихи және рухани мұрасын насихаттауға бағытталған.

Көрменің салтанатты ашылуына Сенат депутаттары, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері және каллиграфия шеберлері қатысты. Қонақтар көне жазу өнерінің түрлі сипатымен танысты және оның мән-маңызын бағалады. Конференция аясында түркиялық профессор Метин Акар мен өзбекстандық каллиграфия шебері Хабиболла Салиев баяндама жасап, осы өнер түрінің ерекшеліктері туралы айтып берді. Сонымен қатар, Ұлттық қолжазбалар және сирек кітаптар орталығында шеберлік сабақтары өткізілді.

«Құснихат – ислам мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігі. Бұл көрме мен конференция өнердің дамуына ықпал етеді. Каллиграфия – ғасырлар бойы қалыптасқан өнер мен руханияттың айнасы. Ол тек эстетикалық сұлулық көрінісі ғана емес, тарихы терең рухани мәні бар. Бүгін біз бұл құнды мұраны сақтап, келешек ұрпаққа жеткізу жөніндегі міндетімізді әйгілеп отырмыз. Мәдени мұрамызды қорғау – баршамыздың ортақ борышымыз және осындай шараларды мәдениет саласындағы маңызды қадам ретінде бағалаймын», деді Дархан Қыдырәлі.