Туризм • 07 Қазан, 2025

Дженнифер Лопестің концерті Астанаға 12 мың шетелдік турист әкелген

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада өткен Дженнифер Лопестің концертіне 12 мың шетелдік қонақ келген. Бұл туралы қаланың инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дженнифер Лопестің концерті Астанаға 12 мың шетелдік турист әкелген

Биыл алты айда Астанаға 735 мың турист келген. Оның 177 мыңы шетелден.

«Былтырмен салыстырғанда туристер саны 13%-ға өсті. Қалада түрлі концерттер мен шаралар өтіп жатыр. Мысалы, Дженнифер Лопестің концертіне 12 мың, ал Backstreet Boys концертіне 15 мың шетелдік келді», деді Х. Әкімжанов.

Оның айтуынша, Дженнифер Лопестің концерті қала экономикасына үлкен пайда әкелді. Ұйымдастырушылардан 600-800 млн теңге салық түскен.

«Қонақүй мен мейрамханалардан түскен табыс жыл соңында есептеледі. Алдын ала есеп бойынша, концерттен 4 млрд теңгеден астам пайда түсті. Backstreet Boys концерті бойынша есептеу жүріп жатыр», деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ ол жыл сайын қалаға келетін турист саны 13-15%-ға өсіп жатқанын айтты.

Айта кетейік, Дженнифер Лопес Алматыда да концерт берді. Орталық стадионда өткен концертке 27 мың адам жиналды. Оның ішінде 35 елден келген 7 мың шетелдік болған. Алматы әкімдігінің мәліметінше, концерттен түскен табыс 10 млрд теңгеден асып, 600 млн теңге салық төленген.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50