Былтыр облыс мәслихатының депутаттары дауыс беріп, көше атауларын өзгерту туралы шешім қабылдаған. Бүгінде құжат ресми күшіне еніп, барлық мемлекеттік және анықтамалық жүйелерде жаңа атаулар жазылды.
Атырау көшелеріне майдангерлер мен полицейлердің есімі берілді
Қажет болған жағдайда тұрғындар мен кәсіпкерлер «Жылжымайтын мүлік нысанының мекенжайын нақтылау туралы анықтама» қызметі арқылы нысанның жаңа мекенжайын біле алады. Бұл қызметті электронды үкімет порталы (ЕGov) арқылы алуға болады.
Семейде Қайрат Рысқұлбеков пен оны айыптаған прокурордың көшесі қиылысады
Қала әкімдігінің хабарлауынша, өзгерістер негізінен идеологиялық тұрғыдан ескірген көше атауларына қатысты жүргізілген:
- Стаханов – Жақсылық Үшкемпіров
- Красин – Борис Александров
- Өтепов – Оралхан Бөкей
- Карл Либкнехт – Борис Керімбаев
- Колхозная – Асқартау
- Совхозная – Өркен
- Роза Люксембург – Арна
- Чапаев – Берел
- Красногвардейская – Герольд Бельгер
- Краснодонская – Арай
- Краснофлотская – Мұзтау
- Совхозный өткел – Талас өткелі (Меновное ауылы)
- Горький (Меновное ауылы) – Талаптан Ахметжан
Бұл өзгерістер қала тұрғындары мен мекемелер үшін біртіндеп енгізіліп, барлық ресми жазбаларда жаңа атаулар қолданылады.