Заң
1 мин оқу 30

Пәтеріне 109 адамды тіркеген алматылық жазаланды

<p><strong>Алматы қаласының прокуратурасы сыйақы алу мақсатында бір бөлмелі пәтеріне нақты тұрмайтын 109 адамды тіркеп, заңсыз көші-қон ұйымдастырған тұрғынды анықтады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Пәтеріне 109 адамды тіркеген алматылық жазаланды

Пәтердің иесіне қатысты Қылмыстық кодекстің 394-бабы (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша іс тіркелді. Ол сот үкімімен бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.

Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырып отыр. 

Ел мүддесіне сай жаңа көші-қон саясаты

Айта кетейік, елімізде 2030 жылға дейінгі көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленді.

Сондай-ақ Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 40-қа жуық адам жауапқа тартылды.

Бөлісу:
Пәтеріне 109 адамды тіркеген алматылық жазаланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар