Атырауда FlyArystan ұшағы жолақтан шығып кетті: 166 жолаушы эвакуацияланды
<p><strong>Оқиға 2026 жылдың 14 қаңтарында болған. Алматы – Атырау бағыты бойынша FS7202 рейсін орындаған әуе кемесі қонғаннан кейін және ұшу-қону жолағын босатқан соң тұраққа қарай бет алған. Осы сәтте ұшақ төмен жылдамдықпен рульдеу жолағынан тыс жерге шығып кеткен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Әуе кемесінің бортында болған 166 жолаушының барлығы ұшақтан қауіпсіз жерге шығарылған. Жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ.
Қазір әуе компаниясы оқиғаның мән-жайын әуежай қызметкерлерімен және авиациялық билік органдарымен бірге тексеріп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Air Astana ұшағы индикатордың іске қосылуына байланысты Алматы әуежайына қайта оралған болатын.