Төтенше жағдай • Кеше

Шымкент аспанында екі ұшақ соқтығыса жаздады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға 10 қаңтар күні таңертең болған. Шымкент аспанында шетелдік екі әуе компаниясына тиесілі ұшақтар бір-біріне тым жақын қашықтықта ұшқан. Олар Қазақстан арқылы транзиттік рейспен өткен, деп жазады Egemen.kz.

Шымкент аспанында екі ұшақ соқтығыса жаздады

 «Победа» әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 ұшағы Внуково – Самарқан бағыты бойынша ұшып бара жатқан. Ал екіншісі Uzbekistan Airways компаниясына тиесілі Airbus A320 әуе кемесі. Ол Термезден Мәскеуге бағыт алған.

АҚШ-та екі тікұшақ соқтығысып, бір адам қаза тапты

Ұшақтар бір-біріне жақындаған сәтте, екеуі де Шымкенттегі әуе диспетчерлерінің бақылау аймағында болған. Оқиға Азаматтық авиация қағидаларына сәйкес тергеуді қажет ететін ауыр авиациялық жағдай ретінде тіркелді. Қазір Көлік министрлігі тексеру үшін арнайы комиссия құрып жатыр.

Еске салайық, Грозныйға бет алған азербайжандық AZAL компаниясына тиесілі Embraer 190 жолаушылар ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырады. Әуе апатынан 38 адам көз жұмып, 29 жолаушы жарақат алған еді.

Кейін оқиға орнынан 12 жолаушы ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған едік. Ұшақ бортында Қазақстанның 6 азаматы болған. Апаттың себебін анықтау мақсатында тергеу жұмыстары жүргізілді. 2025 жылдың 26 желтоқсанында еліміздің Көлік министрлігі тергеудің аралық қорытындысын жариялады.

Соңғы жаңалықтар