Оқиға • 25 Желтоқсан, 2024

Ақтау маңында құлаған ұшақта Қазақстанның 6 азаматы болған

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау маңында Баку-Грозный рейсін орындау кезінде Әзербайжан әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында Қазақстанның 6 азаматы болған. Бұл туралыс Көлік министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Ақтау маңында құлаған ұшақта Қазақстанның 6 азаматы болған

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.

«Зардап шеккендер бойынша ақпарат нақтыланып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша аман қалған 28 адам бар, оның ішінде 22 адам ауруханаға жеткізілді. Барлығы ТЖД, МӨСҚ, ПД-ның 150 жеке құрамы, 45 бірлік техникасы жұмылдырылды», делінген хабарламада. 

Жолаушылардың арасында 6 Қазақстан азаматы, 37 Әзербайжан азаматы, 16 Ресей азаматы және 3 Қырғызстан азаматы болған.

Еске салайық, Бакуден Ресейдің Грозный қаласына ұшқан Az Airlines әуе компаниясының ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған

Кейін оқиға орнынан 12 жолаушы ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025