фото: видеодан кадр
25 желтоқсанда күндіз Бакуден Грозныйға ұшқан Әзербайжан әуе компаниясының Embraer E190 жолаушылар ұшағы радардан жоғалып кеткен. Локаторлар ұшақты соңғы рет Ақтаудың үстінен ұшып өткенде анықтаған. Әлеуметтік желілерде ұшақтың апатқа ұшыраған сәтінен видео таралып жатыр.
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, апаттан аман қалғандар бар.
Қазіргі таңда қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр.
Оқиға орнына ондаған жедел жәрдем көлігі шықты.
Ақтау әуежайы рейстерді қабылдау мен жөнелтуді тоқтатты. Құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, Бакуден шыққан ұшақ Грозныйдағы тұманға байланысты Махачкалаға, одан кейін Ақтауға бағытталған.
Ресейдің Baza Telegram арнасы ұшақта 67 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болғанын хабарлады. Әзербайжан әуе компаниясы әзірге бұл ақпаратты растаған жоқ.