Оқиға • Кеше

Ұшақ құлаған жерден 12 адам ауруханаға жеткізілді

36 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда Бакуден Грозныйға ұшқан ұшақ құлаған жердегі өрт толығымен сөндірілді. Оқиға орнынан 12 жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұшақ құлаған жерден 12 адам ауруханаға жеткізілді

фото: 24KZ

Денсаулық сақтау вице-министрі қайғылы оқиға орнына дереу шықты.

«Қазір біз травматологтар, нейрохирургтер және т.б. жіберу үшін оқиға орнында санитарлық авиация дайындадық. Біз сол жерде көмек көрсетеміз», деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, апат болған жерден 12 адам, оның ішінде бір бала түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілген.

Айта кетейік, Бакуден Грозныйға ұшқан ұшақ Ақтаудан үш шақырым жерде құлады. Түрлі ақпарат көздеріне сәйкес, бортта 67-ден 110-ға дейін адам болған.